Облыстық байқауда Ғабит Мүсірепов шығармаларынан үздік қойылым таңдалды

Атақты тұлғалардың А.Байтұрсынов, Ғ.Мүсірепов, М.Мәметова, Д.Бабатайұлы, Ғ.Мұстафин, Д.Қонаев айтулы күндеріне арналған Ғабит Мүсіреповтің шығармаларынан әңгімені сахналау қашықтықтан облыстық байқауы өтті.

Ұйымдастырушы Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы.

Іс-шара оқушылардың Ғ.Мүсірепов туралы білімдерін жалпылауға, қазақ халық жазушысына, драматургке, сыншыға, мемлекет және қоғам қайраткеріне деген құрметін қалыптастыруға ықпал етеді.

Байқауға Астрахан, Атбасар, Бұланды, Сандықтау, Ерейментау, Шортанды, Зеренді аудандарының жалпы білім беретін мектептерінің 18 оқушысы қатысты.

Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар төмендегі ретпен орналасты:
1 орын – Сатыбалдинова Раушан, Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп – гимназиясы.
2 орын – Алтынбекқызы Томирис, Сандықтау ауданы, Максимовка ауылының ЖОББМ
3 орын – Жолтай Айтолқын, Шортанды ауданы, Новоселовка ауылының ЖОББМ

Байқау жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар