Біздің кітапханада «Мөлдір сөздің шебері» деген тақырыпта белгілі ақын, жазушы-драматург Төлеген Қажыбаевтың 80 жылдығына арналған шығармашылық әдеби кешұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы болып табылатын жерлесіміздің осы уақыт аралығында 30-дан астам кітабы жарыққа шыққан. Ол проза мен поэзиядан бөлек 10-ға жуық драманың авторы. Төлеген Қажыбаев – сегіз қырлы, бір сырлы қаламгер. Қырық алты жыл облыстық «Көкшетау правдасы», «Солтүстік Қазақстан», «Арқа ажары» газеттері мен тәуелсіз «Бұқпа» газетінде жауапты қызметтерді үлкен іскерлікпен атқара жүріп, оқырмандардың сүйіспеншілігіне бөленген қаламгер.
Шара барысында кітапхана оқырмандары мерейтой иесіне арналған өлеңдерін де оқып берді.Оқырмандар назарына «Төлеген Қажыбай – шындықты жырлаған ақын»атты кітап көрмесі ұсынылды. Оған кітаптары қойылып, әдеби шолу жасалды. Қаламгер есімі барша қазақ жұртшылығына мәлім. Бұған дәлел«Жол басы», «Жанымның жапырақтары», «Жырлайды жүрек», «Жыр – ғұмыр», тағы басқа өлеңдер мен поэмалар жинақтары.
ТөлегенҚажыбаев сонымен бірге, шебер прозашы. «Айналайын атыңнан», «Көкшетауқарлығаштары», «Махаббат әні», «Қан кешу», «Жеті желі» атты әңгімелер менповестер кітаптары осыны барынша айғақтай түседі. Кеште ақын сөзіне жазылған «Әгугәй домбыра», «Қыранды Қазақстан»,«Отаным ордам», «Ел ертеңі еңселі», «Астана, менің астанам», «Ұландар әні»,«Анама», «Жан жарым», «Көкше сұлуы», «Бал білімнің ордасы», тағыбасқа да көптеген әндер оқырмандар назарына ұсынылды.
Б.Сатаева,
Көкшетау қалалық Станционный
үлгілі кітапханасының меңгерушісі.