Шағалалы ауылындағы Жоғары агротехникалық колледжінің студенттері ауқымды қайырымдылық акциясын жүзеге асыруда

Балалар жылы аясында аталған колледж алаңында «Donor sapiens» кең ауқымды акциясының бірінші кезеңі өтті.

Акцияның жоспарына сәйкес студенттер, оқытушылар және колледж қызметкерлері қан тапсырып, «Балаларға қуаныш сыйла» акциясының екінші кезеңінде түскен қаражат Бурабай ауданы, Щучье қаласындағы Малютка үйіне қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталады.

Колледж директоры А.Д.Оспановтың айтуынша, бұл жоба 2014 жылы колледж студенттері мен ЦОМ бастамасымен қолға алынған. Жоба студенттерді еріктілер қозғалысына тартуға, моральдық-этикалық құндылықтарды тәрбиелеуге бағытталған.

Сондай-ақ, колледж оқытушылары мен студенттері «Игі істер автобусы» акциясы аясында жалғызбасты қарттарға тұрақты негізде күзгі мезгілде өнімдерін жинауға және жеке учаскелеріндегі заттарды ретке келтіруге көмек көрсетеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар