Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еріктілер көмекке келген жерде игілікті іс бар - АРҚА АЖАРЫ

Еріктілер көмекке келген жерде игілікті іс бар

Жыл сайын желтоқсан айының 5 жұлдызында Халықаралық еріктілер күні атап өтіледі. Бұл мереке еріктіліктің қоғам игілігі үшін өтеусіз көмегі сияқты маңызды іске жұртшылықтың назарын аударуға бағытталған.

Аталған мерекеге орай, Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы жыл қортындысын анықтай отырып, жыл бойы белсенділік танытқан волонтерлермен кездесу ұйымдастырды. Аталмыш шараға облыстың 50-ге жуық волонтерлері қатысты.

Волонтерлер жыл бойы өткізілген өз іс-шаралары мен жаңа жобаларын ұсынып, облыстың фронт-кеңсе мамандарымен тәжірибе алмасып, сондай-ақ, жыл қорытындысы бойынша 2022 жылғы Волонтер конкурсының 4 номинациясы бойынша облыс әкімінің орынбасарынан Алғыс хаттармен марапатталды. Бұл – «Жас ерікті — 2022», «Жыл еріктісі — 2022», «Кәсіби ерікті-2022» және «Отбасылық еріктілер» номинациялары. Сонымен қатар, волонтерлер Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліден және «Ұлттық волонтерлік желі» атқарушы директоры, республикалық волонтерлер фронт-кеңсесінің басшысы Татьяна Миронюктен Алғыс хаттармен марапаталды.

«Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – халқымыздың көне заманнан келе жатқан дәстүрі. Біз осы дәстүрді сақтап қалуымыз керек. Себебі, біреуге қол ұшын созып, қолдау көрсету – қанымызға сіңген қасиет. Халқымызда осындай береке-бірлікке шақыратын «Асар» дәстүрі бар. Бұл – ғасырлар бойы құндылығын жоймаған ата салтымыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халқымыз. Волонтерлік қызметтің басты мақсаты да – бірге жұмылып, халыққа қызмет ету» деп атап өтті Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев. Жыл сайын еріктілерге ерекше көзқарас қалыптасуда. Әрбір ерікті, волонтерлер қозғалысына өз еркімен келіп, күш-жігерлерін аямай, көмекке жүгінген көптеген жандарға жәрдемдесуде.

   Жеңіс БАЛАБЕКОВ,
Ақмола облысы жастар-ресурстық
   орталығының баспасөз қызметкері.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар