«Worldskills Kazakhstan 2022»: Ақмола облысы үздіктер қатарынан көрінді

Биыл атаулы шара Елордада «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығының алаңында өтті.

Чемпионат қорытындысы бойынша Ақмола облысының қатысушылары 4 алтын, 3 күміс, 2 қола, 11 үздік медальон жеңіп алды.
Бірінші орын прототиптеу, кескіндеме және сәндік жұмыстар, аспаз ісі, витринистика және визуалды мерчандайзинг құзыреттілігі, екінші орын шанақты жөндеу, мобильді робототехника, кірпіш қалау және үшінші орын бизнеске арналған IT шешімдер, құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары бойынша анықталды.

Жалпы командалық есепте бойынша Ақмола облысы үздік төрттіктен көрінді.
Айта кетейік, «Worldskills Kazakhstan 2022» чемпионатына еліміздің барлық облыстарынан барлығы 500-ден астам жас маман қатысты. Оның ішінде 112 қатысушы I, II, III жүлделі орындарға ие болды, 114-і үздік медальдарға ие болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар