Қаламгер өмірінен мағыналы сыр шертеді

12 желтоқсан күні ақын, жазушы, драматург, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы Төлеген Қажыбайдың туғанына 80 жыл толды.

 Осынау айтулы датаға орай, Көкшетау қаласының тарихы музейінің ұйымдастыруымен 8 желтоқсан күні «Көкшетау» мәдениет сарайында «Көкшенің текті тумасы, тұғырлы тұлғасы» атты көрме ұйымдастырылды.

Іс-шара есімі еліміздің мәдениеті мен төл әдебиетінде алтын әріптермен жазылған өнер иесі Төлеген Қажыбайдың өнегелі өмірін, өмірлік ұстанымдары мен адами асыл қасиеттерін дәріптеп, рухына тағзым ету, жерлес қаламгер шығармашылығы арқылы кейінгі буынға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталды.

Танымдық-тағылымдық мәні зор іс-шара барысында мәдениет және білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен болашақ филолог мамандар – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті студенттері ақын-жазушының отбасылық мұрағатында және музей қорында сақталған қызықты фотосуреттері, өлең және прозалықжинақтары, журналистік еңбектері қойылған көрмені қызыға тамашалады. Музей экскурсоводыдара тұлғаның өмір жолымен, шығармашылық қызметімен жақынырақ таныстырып, іс-шараның құрметті қонағы филолог-ғалым, абайтанушы, ұстаздардың ұстазы, Төлеген Сыздықұлының сыныптас досы Аманжол Есмағұлов өзінің қызықты естеліктерімен бөлісті.

Көрменің ашылу салтанатына қатысқан Ақмола облысы мәдениет басқармасының бөлім бастығы Дина Бейсенбаева өз сөзінде көрнекті қаламгер Төлеген Қажыбайдың мол мұрасының қазақ әдебиетінде алар ерекше орнына және көрменің жастар үшін маңыздылығына тоқталды. Төлеген Қажыбай тек қана жазушы, драматург емес, сонымен қатар, 50-ден астамәнгемәтінжазған ақиық ақын. Көкшелік біртуар тұлғаға арналған іс-шара «Көкшетау» мәдениет сарайының ардагерлері хорының орындауындағы «Әгугәй, домбыра» атты әсем әнмен аяқталды. Бұл әннің сөзін Төлеген ағамыз, ал, әнін Алтынбек Қоразбаев жазғанын қалың жұртшылық жақсы біледі.

Күнсұлу НҰРҒАЛИЕВА,
Көкшетау қаласының тарихы музейінің ғылыми-зерттеу бөлімі меңгерушісі.

 

 

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар