Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлтымыздың қымбат құндылығы - АРҚА АЖАРЫ

Ұлтымыздың қымбат құндылығы

М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, «Тәуелсіздік ұрпақтары ой толғайды» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – ел жастарына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы мағлұмат беру, қазақ елінің егемендікке қалай жеткендігін баян  етіп,тәуелсіздік жылдары еліміздің жеткен жетістіктерін ұғындыру және елдегі бірлік пен татулықты нығайту.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрі­нен қымбат» атты мақаласында еге­мендігіміз бен елдігіміздің тірегі болатын басты бағыттарға тоқталып, іргеміздің бе­рік болуы үшін қажет ша­раларды  айқындап берді. Сон­дай-ақ, өскелең ұрпақтың әлеуетін дұрыс арнаға бағыттап, тиімді пайдалану қажеттігін де атап өтті.

Біздің міндетіміз теңдесі жоқ тәуелсіздігіміздің қадірін кейінгі ұрпақтың бойына сіңіріп, оларды ел тарихы мен тілін құрметтейтін, ұлт тағдырына жанашыр, отансүйгіш азамат ретінде тәрбиелеу болып табылады.

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін 1991 жылы алды. Тәуелсіз мемлекет құруға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы негізгі арқау болғаны шындық.

Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан-ғайыр жерді мекен еткен ата-бабаларымыз қаншама ғасырлар тәуелсіздікті арман етті. Осынау ұлы даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау  үшін талай боздақтар жандарын қиды.

Әз Тәуке,Абылай, Әбілқайыр сынды хандарымыз бен Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Малайсары, Баян сынды батырлардан бастап, Ұлы Отан соғысы жылдары ерен ерлік көрсеткен Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк, Әлия, желтоқсандық ерлер, Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков және Ләззат Асанова сынды қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында тәуелсіздікке қол жеткізіп, бүгінде егеменді ел болдық. Қазақ халқының қаһарман перзенттерінің өшпес ерліктері халқымыздың жадында мәңгі сақталуы тиіс. Осынау ерліктің ғажайып үлгісін көрсеткен бабаларымыздың рухына тағзым ету кейінгі ұрпақтың парызы.Бүгінде егемен еліміз жаңа кезеңге қадам басып отыр. Халқымыз бірлік пен татулықтың арқасында тұғыры мықты мемлекеттің іргетасын қалады.

Алқалы жиынға Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сабырхан Кенжебаев, қоғамдық даму орталығының басшысы Айдын Раисов, «Желтоқсан 1986 – Ақмола» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дәуренбек Жарылғасов, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан жерлес ағаларымызСайранбек Қарабатыров, Мереке Нұрбаев, Еркін Есілбаев, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ғалым-ұстазы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Марат Өтегенов, зиялы қауым өкілдері, колледждердің студент-жастары қатысты.

Кездесу барысында Желтоқсан оқиғасы туралы және тәуелсіз Қазақстан тақырыбында маңызды да құнды ой-пікірлер айтылды. Игі шараға қатысқан егемен еліміздің жастары өздерін тоғандырып жүрген тәуелсіздік, еркіндік, желтоқсан оқиғасы туралы өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» идеясы төңірегінде де сұрақтар қойылып, оларға жауаптар алынды.Осылайша тағылымды іс-шара  тәуелсіздігімізді көзінің қарашығындай қорғауға тиіс жастарды өрлеуге бастар жол секілді болды.

Тәуел­сіздік бір ғана адамның ең­бегі емес және бір күнде келген жоқ. Ол тарихта ізі, жү­ректе сызы қалған небір оқиғалардың, ата-ба­ба­ларымыздың кіндік қаны тамған жерін қорғау үшін төгілген қан мен терінің нәтижесі.Егемен еліміздің жасампаз рухы әрдайым биік болып, бабалар ерлігімен өрнектелген көк туымыз ашық аспан астында  жел­бірей берсін!

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының қоғамдық даму орталығы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар