Бірер күнгі қызық үшін жас шыршаны кесіп, табиғатқа обалдық жасамайықшы!..

Табиғат – тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажет, жер бетіне көрік берген сәні. Халқымызда табиғат деген сөз жер, туған жер, атамекен ұғымдарымен қатар тұрады.

Әрбір азамат табиғат алдында өзін жауапты сезініп, барлық жануарды киелі санап, өзен, көл жағалауларын таза ұстап, бұлақ көрсе көзін ашып, жастайынан осыны балаларының санасына сіңіріп, бойларын жақсылыққа үйретуі тиіс. Өйткені, орман адамға көп нәрсе береді. Атап айтсақ, күнделікті қолданатын қағаздар, қарындаштар және жиһаздар, бәрі де ағаштан жасалады.

Дегенмен, қазір XXI ғасырда орман ағаштары, өсімдіктері және жан-жануарлары адамзат иесінің кесірінен зардап шегуде. Бұл жерде байқайтынымыз, табиғат өздігінен емес, адамның іс-әрекетінен жойылып барады. Мысалға, көптеген отбасылар демалыстарын орманда,таза ауада өткізгенді жөн санайды. Алайда, олар отын жаққаннан кейін отты дұрыс сөндірмей тастап кететіндер де бар. Бұның соңы, орманның лаулап жануына әкеп соғады. Ойлап қарасақ, адамның кішкентай қателігі үлкен зардапқа әкелуі мүмкін. Өкінішке орай, соңғы жылдарда орманның өртке орануының бірден-бір себебі осы. Өрт тілсіз жау дегендей, орманды өртке оранудан сақтану қажет. Ол үшін адам баласы өзінен бастап, кішкентай сәбилерге табиғатты қорғауды және аялауды үйретуі керек,сонда ғана орман өрттен сақтанады.

Қыс мезгілі де келіп, бәріміз Жаңа жыл деп жатырмыз. Қыста адамдар өз қоныстарын жылыту мақсатында заңсыз ағаш кесіп, орманды тақыр қылып жатқан жайттар жиі кездесетіні сөзсіз. Сондықтан да, мен орман қорғаушысы ретінде сіздерге айтарым, қыста да, жазда да табиғатты бірдей аялаған жөн. Сонымен қатар, Жаңа жыл мейрамында көп үйде шырша безендіріледі. Өйткені, адам жаңа жылды шыршасыз елестете алмайды. Бұл мейрамды отбасымен тойлап, шырша безендіргенәрине,қызық. Бірақ, басқа жағынан қарасақ, орманда жайқалып өсіп тұрған шыршаны кескен жөн емес.

Қорытындылай келе, орманбіздің тіршілік көзіміз деп айтсам, артық болмас. Сол себепті, орманды қорғау – әрбір адамның борышы екенін ұмытпағанымыз жөн. Әрдайым ормандарымыз бен шыршаларымызды қорғай білейік! Ол үшін Жаңа жылдағы бірер күндік алдамшы қызыққа жап-жасыл балауса қарағайды отап тастап жүрмейікші.

ЖасқайратСЕРКЕНОВ,
«Қыпшақ» орман шаруашылығының шебері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар