«Алға, жастар!» форумы жастарға жігер берді

Облыстық жастар-ресурстық орталығы өңірдегі жұмысшы жастары арасында «Алға жастар» жастар форумын өткізді. Форумға облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сабырхан Кенжебаев және студенттер мен жұмысшы жастар қатысып, келелі мәселелерді  талқылады.

Жастардың бар мәселесін қаузайтын жиында Целиноград ауданының Төңкеріс ауылы орта мектебінің шет тілдер мұғалімі, «Жас ұстаз» облыстық байқауының жеңімпазы Салима Сартаева, «Степногорск тау-кен химия комбинаты» серіктестігінің бөлім басшысы Жұмабек Қалқабай, Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің шебері Фариза Қадырбаева, Шағалалы агротехникалық колледжінің өкілі Байжігіт Боранбаев өз пікірлерін білдірді.

Іс-шара соңында «Менің сүйікті мамандығым» онлайн байқауы,  марапаттау рәсімі өткізілді. Жұмысшы жастардың арасында «Менің сүйікті мамандығым» атты онлайн эссе және видео байқауының нәтижесі бойынша бірінші орынға «Тыныс» акционерлік қоғамының маманы Әмір Қайыржан ие болса, екінші орын жоғары техникалық колледжінің өндіріс шебері Фариза Қадырбековаға бұйырды. Ал, үшінші орынды «Степногорск тау-кен химиялық комбинаты» серіктестігінің бөлім басшысы Жұмабек Қалқабай еншіледі. «Ең жақсы шығармашылығы үшін» аталымы бойынша Атбасар қаласының №5 мектебінің мұғалімі Қуандық Ыдырысов озық деп танылса, осы аталымның екінші жүлдесіне «Тыныс» акционерлік қоғамының маманы Аркадий Котов ие болды. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, облыстық байқауда бірінші орын иеленген Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі мен Шағалалы жоғары агротехникалық колледжі және «AQMOLA POWER» жыл сайынғы инновациялық идеялар мен жобалар байқауының екінші және үшінші орындарын бөлісті. Жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен марапатталды.

 Жеңіс БАЛАБЕКОВ,
облыстық жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметкері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар