Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстанда 27 моноқалада 1,4 млн халық тұрады - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстанда 27 моноқалада 1,4 млн халық тұрады

— ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында моноқалаларды дамыту жөніндегі жоспарлар қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазіргі уақытта республикада 27 моноқала бар екенін баяндады.

1,4 млн адам тұратын қалаларда 32 қала құраушы кәсіпорын жұмыс істейді.

2015 жылдан 2021 жылға дейін аталған елді мекендерде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,3-тен 11,2 трлн теңгеге дейін өсті, бұл — ел бойынша жалпы көрсеткіштің 29 пайызы.

Бүгінгі таңда 2,1 трлн теңгеге 86 «зәкірлі» жобаның пулы қалыптастырылды.

Бұл жобалар моноқалаларда тау-кен металлургия және химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, машина жасау және басқа салаларда 18 мыңнан астам жұмыс орнын ашты.

Жалпы оларды одан әрі дамыту үшін тұрғын үй қоры мен инженерлік инфрақұрылым объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге бюджеттен бөлінетін қаражаттың жыл сайынғы лимитін ұлғайту, елді мекендердің әлеуметтік маңызы бар проблемаларын шешу бойынша мастер-жоспарлар әзірлеу, сондай-ақ жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыру ұсынылады.

Бұл тәсілдер қолдау тапты.

Осы орайда Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы бекіткен даму бағдарламаларын орындау кезінде ведомствоаралық үйлестіруді күшейту, сондай-ақ өңірлік экономиканы әртараптандыру және азаматтарды жұмыспен қамту үшін келешегі бар «зәкірлі» жобалардың тізбесін өзектендіру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар отырыста теміржол машинасын жасау және агроөнеркәсіп кешені салаларындағы өзекті мәселелер қаралды.

Фото: primeminister.kz

Дереккөз: www.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар