Бірінші кезекте – қысқы жылу беру мәселесі

Ақмола облысындағы жылу желілері мен қазандықтардағы авариялық жағдайларды бақылау үшін 40-тан астам бригада мен 40 техника жұмыс істейді. Сумен жабдықтау ұйымдары бойынша апаттарды жою үшін 19 құрылым және 41 техника құрылды.

Сумен жабдықтаудағы үзілістер немесе халықты эвакуациялау жағдайында ауыз суды жедел тасымалдауға арналған мамандандырылған техника бар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте айтылды.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаев атап өткендей, биылғы жылдың қараша айында осы іс-шаралардың соңғы легі – «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Осы шара шеңберінде облыста төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесінің басқару органдары, күштері мен құрылымдары үшін жоғары дайындық режимі енгізілді. Штабтар мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметтерінің басшылары шартты төтенше жағдайлардың туындауы туралы кіріспе ақпаратты пысықтады.

– Өткізілген оқу-жаттығу қорытындысы бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметінің басшыларына техниканың дайындығын тексеру тапсырылды. Төмен температура жағдайында жұмыс істеуге, профилактикалық жұмыстарды уақытылы жүргізуге және жауапты мамандардың техникаға қызмет көрсетуіне баса назар аударылуда, – деп атап өтті Данияр Қуанышбаев.

Облыстың энергиямен жабдықтаушы ұйымдары күзгі-қысқы кезеңге дайындық жоспарлары бойынша жұмыс істейді.Олар инвестициялық бағдарламаны, күрделі жөндеу жоспарын, сондай-ақ, қосалқы станциялар мен электр беру желілерінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету кестелерін, жұмыстың басқа да қосымша түрлерін орындауды қарастырды. Жоспарланған жұмыстарды уақтылы жүргізу үшін материалдар мен қосалқы бөлшектер алдын ала сатып алынып, техника мен арнайы тетіктер дайындалды. Жоспарлы алдын алу жұмыстары кешенінің мақсаты – электр желілеріндегі технологиялық ақауларды азайту, оларды тексеру және жедел жою.

–Электр желілері бойынша авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін шамамен 250 адам мен 155 техникадан тұратын 17 аумақтық топ құрылды. «Көкшетау Энерго» ЖШС құрамында 114 адам және 57 техника бар 5 топ құрды. Жылумен жабдықтаушы коммуналдық кәсіпорындар бойынша 123 адамнан тұратын 19 құрылым, 41 апаттық бригада және 41 техника құрылды. Технологиялық ақаулардың туындауы туралы хабарды аудан мен қала әкімдіктері жанындағы жедел желілер, 109 «i-Komek» қызметі, облыс тұрғындарының өтініштері арқылы хабар аламыз. Құқық қорғау органдарының, ТЖ департаментінің, медициналық қызметтің, ПИК, ОСИ өкілдерінің қатысуымен мессенджерлерде чаттар құрылып, белсенді жұмыс істеп жатыр, – деді Данияр Қуанышбаев.

Жалпы, облыс бойынша жылыту маусымы штаттық режимде жүргізіліп жатыр. Облыстың энергостанциялары мен қазандықтары отынның нормативтік қорымен толық қамтамасыз етілді. Резервтік қазандықтар дайындалып, қосымша материалдар мен қажетті жабдықтар қоры құрылды. Коммуналдық қызметтердің авариялық бригадалары қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ықтимал аварияларды жоюға тұрақты дайындық жүргізіп отырады.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар