Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Салық  кодексінде өзгерістер күтілуде - АРҚА АЖАРЫ

Салық  кодексінде өзгерістер күтілуде

«Яндекс» және «Идрайвер» платформаларында жұмыс істейтін такси жүргізушілері мен курьерлер пилоттық жоба шеңберінде салық төлейтін болады. Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Шынар Мусина өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифинте хабарлады.

Платформалық жұмыспен қамту бойынша пилоттық жоба іске қосылуда. Енді Яндекс және Индрайвер платформаларында жұмыс істейтін такси жүргізушілері мен курьерлері салық төлейді. Олар үшін арнайы жаңа формат қарастырылды.

–Яндекс бізге серіктес ретінде қосылып, чектерді жіберіп отырады. Біз салықтарды есептеп, «Яндекс» компаниясының өзіне жібереміз. Такси жүргізушілері есеп бермейді, олар тікелей салық төлемейді. Салықтың бәрін Яндекс өзі ұстайды. Жүргізушілерге салық органдарымен жұмыс істеудің қажеті жоқ. Сондай-ақ, «Индрайвермен» де  жұмыс дәл осылай жүргізілетін болады,– деп түсіндірді Шынар Мусина.

Жаңа жылда қазақстандықтарды салық кодексінде басқа да өзгерістер күтуде. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бірыңғай жиынтық төлемді қолдану бөлігінде бірнеше қызмет түрлеріне тыйым салынады. Енді консультациялық, маркетингтік қызметтерді, бухгалтерлік және аудит саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдар, қаржы және сақтандыру агенттері мен брокерлер, адвокаттар мен нотариустар, сондай-ақ, агенттік шарттар негізінде қызмет көрсететін қызметкерлер жинақтық төлем төлемейді.

Отандық өндірушілерді қолдау мақсатында  ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кезінде қосылған құн салығын 70 пайызға азайту жөніндегі нормаларды кеңейту қарастырылуда. Сондай-ақ, қант, кондитерлік өнімдер өндірісіндегі жеңілдіктердің мерзімі ұзартылады. Кәсіпкерлерді ынталандыру үшін елде шикі қамыс қантының импортын, сондай-ақ, пестицидтер өндіруге арналған шикізат пен материалдардың импортын қосылған құн салығынан босату көзделген. Бекітілген тізбеге сәйкес мемлекеттік емес мұражайлар әкелетін өнер туындыларын және тұрмыстық электроника аспаптарын  өткізу жөніндегі айналымдарды да қосылған құн салығынан босату көзделген.

Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін тауарлардың тізбесін кеңейтеді. Қаржыны қайтару мерзімі 155 күннен 75 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Егер уақытша әкелінген тауар Қазақстан Республикасы аумағында 2 жылдан астам уақыт болса, бұл тауар салық салынатын импорт болып танылады және қосылған құн салығын төлеуі тиіс.

Камила Әбделманова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар