«Көкшеден көтерілген көк қаршыға»

Жуырда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5510 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Көкшетау қалалық орталық үлгілі кітапханасында «Көкшеден көтерілген көк қаршыға» атты әдеби кешке қатысты.

Жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды біртуар тұлға еңбектері арқылы қалыптастыру шеңберінде өткізілген іс-шарада туғанына 80 жыл толған жерлес ақын-жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлеген Қажыбайдың өмір жолы мен шығармашылық еңбектері баяндалды. Сарбаздар ақын өлеңдерін жатқа айтып, прозасынан үзінділер оқыды. Сондай-ақ, қаламгер жайында деректі фильм көрсетілді. Іс-шара соңында еліміздің әр өңірінен келген сарбаздар айтулы ақынның мерейтойына арналған кітаптар көрмесімен танысты.

Бауыржан НҰРҒАЛИЕВ,
5510 әскери бөлімінің қызметкері, аға лейтенант.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар