Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді православ христиандарының жарқын мейрамы – Христов Рождествосымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күні біздің жүректеріміз ерекше сезімге бөленіп, үміт, сүйіспеншілік, мейірімге толады. Бейбітшілік пен ізгілікке ұмтылып, жақынына деген жанашырлық күйін кешеді.

Осы бір жарқын мереке күні ізгі істері мен ой-мақсаттары біздің мемлекетіміздің дамуына және өркендеуіне барынша дәнекер болып келе жатқан жерлестеріміздің бәріне шынайы алғысымды білдіремін.

Біздің облысымыз рухани құндылықтардың дамуына және дін нысандарының құрылысына әрдайым көп көңіл бөліп келеді.

Облыс орталығында өзінің тамаша архитектуралық сәулетімен қаламыздың көркіне көрік қосқан Кафедральдық собордың құрылысы аяқталды. Біздің халықтың мұсылмандар мерекесі – Құрбан айтты және христиан мейрамдары – Пасханы, Рождествоны бірге атап өтетіні де қуанышты жағдай.

Мұның бәрі біздің өңірде конфессияаралық және мәдениаралық байланыстардың жоғары деңгейін, бір-бірімен бейбіт жағдайда тең дамып келе жатқан дәстүрлі діндер өкілдерінің өзара тығыз қарым-қатынасын көрсетеді.

Құрметті достар!

Рождество алдында біз 2023 жылды қарсы алдық. Жаңа жыл баршаңызға жаңа үміттер сыйласын, көзделген жоспарлардың, идеялар мен жобалардың бәрі іске ассын.

Сіздердің баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік пен молшылық тілеймін. Әрбір шаңырақта бақыт, сүйіспеншілік пен өзара түсіністік тамырын терең жая берсін.

***

Құрмет пен ізгіліктіктің мерекесі

Рождество – Иса (ғ.с) пайғамбардың туған күніне орай өтетін христиан дініндегі басты мейрамдардың бірі. 

Қаңтардың 6-нан 7-сіне қараған түні әлемдегі барлық православ христиандары Рождество мерекесін атап өтеді. Григориан күнтізбесі бойынша желтоқсан айының соңында, кейбір елдерде Юлиан күнтізбесі бойынша атап өтіледі. Алғашқылардың бірі болып Рождество мейрамын Рим халқы тойлаған. Рождество мейрамы 431 жылы Эфес шіркеуінде ресми заңдастырылып бекітілген.Жаңа жыл және рождество мерекелерінің аралығы жақын.Кеңес Одағы кезінде діни мерекелерді тойлауға тыйым салынған, сондықтан, шырша жаңа жылдық шыршаға айналған. Балаларға сыйлық әкеліп отыратын әулие Николас Аяз ата ретінде танымал болған.

Рождестволық ойыншықтармен безендірілген шырша алғаш 1510 жылы Ригада (Латвия) пайда болды. 18 ғасырда шыршалар кішкентай шамдармен безендіріле бастады.

Ал, рождествоны атап өтуге арналған алғашқы жасанды шыршалар Германияда 19 ғасырда жасалған. Және де сол жерден бүкіл әлемге таралған. Сол шыршаларды безендіретін заманауи ойыншықтар, дәстүрлі рождестволық алманың протипі болып есептелді. Және де  ағаштың жоғары жағы әдеттегідей жұлдызбен немесе періштемен безендірілуі шарт болған. Бұл шыршадағы жұлдыз жаңадан дүниеге келген Вифлем құтқарушы жұлдызын бейнелесе, ал періште Марияға ізгі хабарды жеткізуші Гаврил періштені еске салды. 1870 жылы шыршаға ілінетін алғашқы әйнек ойыншықтары сатылымға шыққан.Осы ретте Бірінші шырша базары 1811 жылы Нью-Йоркте пайда болғанын ұмытпайық.

ХІХ ғасырда сыйлықтар көбінесе ағаштың астына емес, ағаштың бұтақтарына қойылған.Қазіргі уақытта АҚШ-та арнайы ғылыми бағдарлама іске қосылып, онда зерттеушілер жаңа жылдық шыршаның жаңа түрін ойлап табуда.

Міне, екі мың жыл бойы осы қасиетті Рождество мерекесі жер бетіндегі барлық халықты өзінің қуанышымен, бір-біріне деген ыстық сезімімен, қамқорлығымен қызыққа бөлеп, біріктіріп келеді және болашаққа сеніммен қарауға үйретіп келеді. Бұл – біздің көпұлтты мемлекетімізде тұратын барлық халықтың мәдениеті мен дәстүрлеріне деген шынайы құрмет пен ізгіліктіктің де мерекесі.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Сіздерді шын жүректен Рождество мерекесімен құттықтаймын!

Бұл біздің көпұлтты және көп конфессиялы, әртүрлі діндердің өкілдеріне тең жағдайлар жасалған елде тұратын барлық православиелік христиандар үшін басты мерекелердің бірі.

Ежелгі православие мерекесі бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдарды біріктіреді, мейірімділік, басқаларға деген сүйіспеншілік, отбасы мен балаларға деген құрмет, бейбітшілік пен өркендеу сияқты жоғары құндылықтар мен сезімдерді бейнелейді.

Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап, Қазақстан барлық дәстүрлі конфессияларға сенушілердің діни сезімдерін құрметтеуге негізделген, өзара түсіністік, толеранттылық, достық пен бейбітшілік үшін жағдай жасайтын саясатты жариялады. Біз республикамыздың ұлы игілігін – әртүрлі халықтардың, діндер мен мәдениеттердің өкілдері арасындағы өзара құрмет пен келісімді сақтау үшін бар күшімізді салуымыз керек. Біз тек бірлігімізбен ғана берекелі жерімізде әл-ауқатты нығайтамыз.

Осы мереке күні баршаңызға бейбітшілік пен тыныштық, өзара түсіністік, өркендеу, сүйіспеншілік, рухани тепе-теңдік, барлық бастамаларға табыс, зор денсаулық тілеймін! Біздің барлық үміттеріміз және ең қымбат армандарымыз  орындалсын!

Мұрат ШӘМШІНҰРОВ,
Ақмола облыстық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар