Білімі мен тәжірибесі  –  Әділетті Қазақстанды құру ісіне

14 қаңтарда ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтеді. Ақмола облыстық және Көкшетау қалалық мәслихаттары Сенат депутаттығына Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісовтің кандидатурасын ұсынды.

Техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Талғат Жүнісов көптеген салаларда терең білімге, үлкен кәсіби және күнделікті тәжірибеге, қажетті көшбасшылық қасиеттерге ие, сондай-ақ өзін өңірдің дамуына шын жүректен алаңдайтын облыстық мәслихаттың ең белсенді депутаттарының бірі ретінде көрсетті.

Көкшетау облысы Красноармеец ауданы (қазіргі СҚО, Тайынша ауданы) Қарағаш ауылының тумасы Талғат Жүнісов ешқашан қиындықтан қорықпаған.  Еңбек жолын Абай атындағы совхоздың машина ауласында жұмысшы болып бастаған. Щучье индустриалды-педагогикалық техникумына оқуға түсіп, Кеңес армиясының Қарулы Күштерінде мерзімді әскери қызмет атқарды. 1990 жылы Көкшетау ауылшаруашылығы институтын үздік бітіріп, «инженер-механик» мамандығын  алды. Кейінірек2004 жылы Талғат Тұрлыбекұлы «Фемида» заң академиясын бітірді.

Ауыл шаруашылығы институтында да тәлімгерлер көшбасшылық қасиеттері мен білімге деген құштарлығын байқап, талантты студентке көптеген жылдар бойы ол үшін өмірлік іс болатын ғылыми жұмысты жалғастыруды ұсынды. Ассистент, аға оқытушы, доцент, өндірістік практика жетекшісі, ауыл шаруашылығы институты директорының орынбасары, осы оқу орнының сырттай оқу бөлімінің деканы, сырттай оқыту және инновациялық технологиялар, ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор…  Бір сөзбен айтқанда, Талғат Тұрлыбекұлы жаңадан бастаған маманнан жоғары оқу орнының басшысына дейінгі өсудің барлық кезеңдерінен өтті. Ғылыми-педагогикалық қызметін жалғастыра отырып,   мақалалар жазумен және ғылыми жұмыстармен айналысты. Осы қажырлы еңбектің нәтижесі – алдымен кандидаттық (1998 ж.), содан кейін докторлық (2006 ж.) диссертациялардысәтті қорғау, профессор, Ұлттық инженерлік академияның, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі атағын алу болды.

Т. Жүнісовтің есебінде көптеген халықаралық ғылыми конференциялар мен симпозиумдарға қатысу, шетелдік жоғары оқу орындарындабіліктілікті арттыру бар, соның ішінде Висмар технология, бизнес және дизайн университетінде (Германия), Сенайока қолданбалы ғылымдар университетінде (Финляндия) және тағы басқа оқу орындарында білімін жетілдірді.

Әр жылдары Т.Жүнісов Рудный индустриалды институтының ректоры, Ұлттық инженерлік академияның вице-президенті, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры, «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

Сонымен қатар, Талғат Жүнісовтің мемлекеттік қызмет тәжірибесі де бар.  Ол бірнеше жыл ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және орта білім департаментінің құрылымдарында еңбек етті. Үш жылдан астам, яғни, 2017 жылдың қыркүйегінен 2020 жылдың қаңтарына дейін Ақмола облысының білім басқармасын табысты басқарды. Осы кезеңде ол алдыңғы ғылыми-педагогикалық білім қоры мен басшылық жұмыс тәжірибесін шебер пайдалана отырып, өңірдің білім беру жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты.

Ш.Уәлиханова тындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі, «КАИК» ЖШС бас директорының орынбасары, «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті»  КЕАҚ АӨК саласындағы өңірлік даму ғылыми-зерттеу институтының директоры болып істеген жылдары да жемісті болды.

Т.Жүнісов биліктің өкілді тармағының дамуына елеулі үлес қосты, қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысты. Рудный индустриалдық институтының ректоры ретінде ол Қостанай облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. 2021 жылғы қаңтардан бастап «AMANAT» партиясының атынан жетінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. Осы уақыт ішінде ол сайлаушылармен, өңір тұрғындарымен тығыз байланыста болды, соның ішінде Ақмола облысының Қоғамдық кеңесінің төрағасы бола отырып, белсенді және тиімді жұмыс жүргізді.  Ал 2022 жылдың мамыр айында депутаттардың шешімімен ол Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы қызметіне сайланды.

Мұнда да ол өзін білімді және бастамашыл басшы, күрделі және жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті менеджер ретінде көрсетті. Қысқа мерзім ішінде Талғат Тұрлыбекұлы облыстың барлық аудандарын аралап, тұрғындармен кездесіп, азаматтарды қабылдап, өзекті мәселелерге құлақ түріп, түрлі проблемаларды шешуде облыстық мәслихат депутаттарынан қолдау сұраған ауыл тұрғындарының тілектері мен өтініштерін ескеруде белсенділік танытты. Әр сапардың қорытындысы бойынша депутаттық сауалдар дайындалды. Мысалы, сумен жабдықтау, ФАП ашу, ауылдық елді мекендерге «жедел жәрдем»көліктерін сатып алу, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерін салу және жөндеу мәселелері бойынша көп жұмыстар қарастырылды.

Талғат Жүнісовтің көпжылдық ғылыми-педагогикалық және қоғамдық қызметін мемлекет жоғары бағалады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Президентінің, «AMANAT» партиясының Алғыс хаттарымен, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Ыбырай Алтынсарин», сонымен қатар,«Қазақстан Республикасында инженерлік істі дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгілерімен, еуропалық жүйеге білім мен ғылымды интеграциялауға қосқан үлесі үшін «Біріккен Еуропа» халықаралық наградасымен, «Құрмет» орденіменмарапатталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елді саяси қайта құру, Жаңа, Әділетті  Қазақстанды құру бағытын жариялаған кезде, біздің еліміз бастан кешіп жатқан өзгерістер мен реформалар жағдайында биліктің заңнамалық тармағында Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов сияқты жауапты, шығармашылық көзқарасы бар, перспективаны көре алатын және практикалық нәтижеге жұмыс істейтін адамдар аса қажет.

Шияп ӘЛИЕВ,
кандидаттың сенімді өкілі,
Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Біз бір елдің азаматтарымыз

Сайлауалды бағдарламасының бағыттары

  1. ТЕҢДЕСТІРІЛГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ

– халықтың еңбек табысының өсуі;

– кәсіпорындар мен ұйымдардың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

– жаңа жұмыс орындарын құруға және еңбек сапасын жақсартуға бағытталған инновациялық өндірістерді инфрақұрылымдық қолдау.

  1. АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУ

– фермерлердің еңбек тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін егіншілік пен мал шаруашылығына озық технологияларды енгізу;

– ауылда инфрақұрылымды дамыту;

– ауыл тұрғындарына мемлекеттік қолдауды енгізу.

  1. БІЛІМ БЕРУ

– педагогтің әлеуметтік мәртебесін арттыру;

– қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты азайту;

– мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету;

– кәсіптік білім берудің барлық жүйесін еңбек нарығында талап етілетін құзыреттерді қалыптастыруға бағдарлау;

– қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

  1. АЗАМАТТАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

– ерекше қажеттіліктері бар балалар мен азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету;

– мемлекеттік әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру.

  1. ҚОЛДАНБАЛЫ ҒЫЛЫМ

– жас ғалымдарды қолдау;

– ғылыми қызметті қаржыландыруды ұлғайту;

– Үш тұғырлық принципін іске асыру: ғылым-білім-өндіріс.

Республикалық бюджет қаражатынан төленді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар