Әлеуметтік саладағы маңызды жобалар жалғасын табады  

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Жолдауларында халықтың тұрмыс жағдайын көтеру, осы мақсатта маңызды жобаларды жүзеге асыру, халықты еңбекпен қамту мәселелеріне ұдайы баса назар аударады. Өткен жылы да Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерге сәйкес өңіріміздің әлеуметтік саласын дамыту бойынша бірқадау жұмыстар атқарылды. Биылғы жылы да әлеуметтік саладағы мұндай  маңызды жобалар жалғасын табатын болады.

Облыс бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрап отыр. Олардың арасында жастар жұмыссыздығы 3,2 пайыз төңірегінде.  Облыстағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі 5,7 пайыз. Осы мәселенің түйінін шешу үшін көптеген ауқымды шаралар жүзеге асырылды. Соңғы деректерге сүйенетін болсақ,  экономиканың барлық салаларында 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды, бұл берілген жоспардың104,4 пайызға орындалғанын аңғартады.Оның ішінде сегіз ұлттық жоба шеңберінде 5,8 мың жаңа жұмыс орны ашылды. «Әрбір 10 мың тұрғынға кемінде 100 жаңа жұмыс орны» индикаторы бойынша 8955 жұмыс орны құрылды. Бос жұмыс орындарына 10964 адам жұмысқа орналастырылды.Субсидияланатын жұмыс орындарының шеңберінде 3566 азамат немесе жоспар115,1 пайызға (3098) қамтылды.

Жаңа бизнесті іске асыруға 366 азамат мемлекеттік грант алды, оның 205-і жастар. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 555 адам қамтылды. Өткен жылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыру шеңберінде зейнетақы алдындағы жастағы адамдар үшін «Күміс жас» жобасы, жоғары оқу орындары түлектері мен жұмыссыз жастар үшін «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы іске қосылды. «Күміс жас» жобасымен 122 адам қамтылды. Жоспар 110 пайызға орындалып отыр.  «Ұрпақтар келісімшарты» жобасымен 21 жас қамтылды. Аталмыш жобаның басты мақсаты жас мамандарға жұмыс ұсыну әрі зейнеткерлікке шығатын мамандардың орнын ауыстыру процесіне дайындық.  Бұған оқуды аяқтағанына екі жылдан аспағанжәне жасы 29 жастан аспаған жастар қатыса алады. Жобаға қатысу мерзімі 6 айдан аспайды,жалақы мөлшері 30 айлық есептік көрсеткіш төңірегінде  төленеді.

2023 жылы жастардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту үшін жұмыспен қамтудың жаңа жобаларынжүзеге асыру жоспарлануда. Бұл жоба аясында 2,5 пайыз жеңілдікпен шағын несиелеуге қол жеткізуге болады. Жоба аясында 171 жас шағын несие беру жоспарланған.Орташа чек 5 миллион теңгеге дейін. Сондай-ақ, азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі басым болып қала бермек. Жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге «Жастар практикасы», «Бірінші жұмыс орны», жастарға арналған әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстарды, оның ішінде жастарға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру сияқты жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылатын болады.

1 желтоқсанға дейінгі деректерге сәйкес атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) табысы кедейлік шегінен төмен (33116 теңге) 2,5 мың отбасына (11,2 мың адам), оның ішінде 816 көпбалалы отбасына 815 миллион теңгеге төленді.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары (3120 бала) бар АӘК алатын отбасыларға 150 миллион теңге сомасына (азық-түлік жиынтығы (ай сайын) және тұрмыстық химия тауарлары (тоқсан сайын) түрінде) 26 мың жиынтық мөлшерінде кепілдендірілген әлеуметтік пакет берілді.

Осы орайда  2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек төлеуге республикалық бюджеттен 775 миллион теңге, аудандар мен Көкшетау және Степногорск қалаларының бюджетінен 200 миллион теңге бөлінді. Балаларды қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 175,6 миллион теңге бөлінді.

2019 жылдан 2021 жылға дейінгі кезеңде облыс бойынша АӘК алушылар санының 43,6 мың адамнан 12,5 мың адамға дейін төмендегені байқалады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аз қамтылғандардың сұраныстарын ескере отырып, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін МЖӘ заттай көмектен монетизацияланған көмек түріне ауыстырылатын болады (бір балаға 1,5 АЕК немесе жиынтық үшін 5175 теңге (2023 жылы 1 АЕК – 3450 теңге).

Әлеуметтік саладағы тағы бір жаңашылдықтың бірі бүгінгі күні «Отбасының цифрлық картасы». Аталмыш ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қолдау шараларына мұқтаж адамдардың тізімдері бойынша деректерді өзектендіру көзделген. Өңіріміздегі 16920 отбасы туралы дерек базаға тіркелген.Ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап проактивті форматтағы отбасының цифрлық картасының пилоттық жобасы аясында атаулы әлеуметтік көмек 118 алушыға тағайындалды.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселесі де ұдайы назарда.  Облыста барлық топтағы мүгедектігі бар 29 мыңнан астам (29397) адам тұрады (оның ішінде 1-ші топтағы – 3045, 2-ші топтағы – 10 720 адам, 3-ші топтағы – 12394 адам, 3238 бала). Облыстағы 10 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 1386 төсек-орын қарастырылған.Үйде қызмет көрсету жағдайында 2785 қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі (оның ішінде 2335 қарт адамға, 110 мүгедек адамға, 203 мүгедек балаға, 137 психоневрологиялық аурулары бар мүгедек адамға).

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ҮЕҰ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді, үйде – 247 қызмет алушыға, жартылай стационарда – 283 мүгедек адамға. Үкіметтік емес ұйымдарының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспанасы бар алтыдағдарыс орталығында (Целиноград, Бурабай, Бұланды, Атбасар аудандары, Степногорск, Көкшетау қалалары) және үш консультативтік пунктте (Ақкөл, Жарқайың, Қорғалжын аудандарында)арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Өткен жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 260 азаматқа(оның ішінде 78 әйел мен 182 бала)қызметкөрсетіледі.

Қазіргі уақытта психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға арналған орталықтарға кезекте тұрған38 адамбар. 2021 жылғы қаңтардан бастап мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік оңалту іс-шараларымен қамтамасыз ету әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. Бұл мекемелерде 8 арнаулы әлеуметтік қызмет, яғни, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетіледі. Соңғы бесжылда оларда күрделі жұмыстар жүргізілді. Тарқатып айтар болсақ, ағымдағы жөндеулер, жайлы жағдайлар жасалып жатыр.  Мүмкіндігі шектеулі жандар спорттық өмірге белсенді қатысады, республикалық жарыстардың жүлдегерлері болып табылады. Мысалы, Жолымбет кентінің қызмет алушылары мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, минифутбол, боулинг бойынша республикалық турнирлердің (Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Шымкент қ.) жүлдегерлері атанды.2023 жылы сноубордтан Ресейдің Қазан қаласында өтетін 2022 жылғы Халықаралық арнайы қысқы Олимпиада ойындарына қатысу жоспарлануда.

Әлеуметтік кодекс жобасын дайындау шеңберінде бұрынғы тәсілдер тұжырымдамалық тұрғыдан қайта қаралып, көші-қон саясатының негізгі басым бағыттарын айқындаған «Ашық Қазақстан +500» жаңа тұжырымдамасы дайындалды. Жаңа тұжырымдаманың мақсаты Қазақстан экономикасының негізгі салаларын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу. Қазақстанға білікті еңбек мигранттарын тарту бағыттарының бірі болып табылады (ғылым, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, IT саласындағы кәсіпқойлар үшін мемлекет жеңілдіктер енгізеді және тұруға ықтиярхат алу құқығымен визалар береді).

Облыс бойынша бөлінген 100 бірлік квотасы кезінде (1 санаты бойынша – 10, 2 санаты бойынша – 30, 3 санаты бойынша – 60) шетелдік жұмыс күшін тартуға 53 рұқсат берілді және ұзартылды (оның ішінде 1 санаты бойынша – 5, 2 санаты бойынша – 16, 3 санаты бойынша – 32).

Жұмыс берушілермен жергілікті бюджеттерге 26,3 миллион теңгесомасында салық алымы төленді.

Бүгінгі күні этникалық көші-қонды реттеу қайта қарастырылуда(тарихи Отанымен байланысты нығайту үшін «Атамекен» картасы енгізіледі, оны этникалық қазақтарға, ең алдымен, өз елдерінде табысты бизнес-кейстерді іске асырған және оларды Қазақстанда масштабтауға ниет білдірген жоғары деңгейдегі кәсіпқойлар береді).Облыста 240 отбасына қандас мәртебесі берілді, оның ішінде 443 адам, ең көп саны Моңғолиядан – 87 отбасы (159 адам) және Ресейден – 68 отбасы (92 адам) келді.

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына 74отбасы енгізілді, оның ішінде жоспарланған 258 адамнан 170адам, бұл 65,8 пайызды құрады.

Босқындардың, баспана іздеушілердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтарын қорғау және қолдау бойынша да бірқадау жұмыстар атқарылды. Облыс бойынша «Баспана іздеуші тұлға» мәртебесін 47 адам алды, оның ішінде Украинадан 17 адам, Ауғанстан Ислам Республикасынан 29 адам, Ресей Федерациясынан 1 адам келді.

Атқарылған шараларды таразыласақ, жоспарлардың басым көпшілігі жүйелі жүзеге асқан. Мыңдаған адам жұмыспен қамтылды, өз кәсібін өркендету үшін, мемлекеттен қолдау тапты,  көптеген адам әлеуметтік жағдайын жақсартты. Біздегі басты мақсат та осы. Біздің сала қызметкерлері қашанда қамкөңіл жандарға қолдау білдіруге, жағдайына жәрдемдесуге тырысады. Бұл үрдіс алдағы жылы да дәстүрлі жалғасын тауып, сала қызметкерлері еліміздің өркендеуі жолында аянбай еңбек ететіндігін сеніммен айта аламын.

Биылғы 2023 жыл еліміз үшін мерекелі жыл болсын, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа бөлене берсін!

Шолпан РАХМАТУЛЛИНА,
Ақмола облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар