Кез-келген аудан не қаланың хал-ахуалын жолдың жайына қарап топшылауға болады. Жалпы жол мәселесі қашанда өзекті.
Мәселен, Ерейментау ауданының орталығы Ерейментау қаласындағы Шанхай шағын ауданының тұрғындары барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулерінде шағын аудан жолдарын күрделі (асфальт) жөндеуге қатысты мәселені бірнеше рет көтерген болатын. Халық жылдар бойы жөндеу көрмеген, шұрық-тесік, суағары жоқ жолдан әбден шаршағандарын айтып шағымданған еді.
Жол мәселесін шешу үшін бюджеттік комиссияның отырысында қала әкімі Сапар Барлыбаевтың және «AMANAT» партиясынан сайланған аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары басталды.
2022 жылы 2022-2023 жылдарға Ерейментау қаласы, Мұқатова, Казахская көшелеріндегі қалалық жолдарды орташа жөндеуге, яғни, жол жамылғысын жартылай демонтаждау, асфальт төсеу арқылы жол қабаттарын орнатуға келісім-шарт жасалды. Жол жөндеуді мойнына алған мердігер «Астана Строй Монтаж Инжиниринг» серіктестігінен 82 771,9 мың теңге сомасына келісім-шарт жасалды. Келісім-шарт бойынша жұмыстар 96,6 пайызға орындалып, 79929,5 мың теңгеге төлем жасалып, 18 750 метр асфальт төселді. Жұмыс барысында орындалған жұмыстардың сапасын бақылау үшін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Жол активтерінің сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ МКҚК, сараптамалық компания тартылды.
Шанхайаталып кеткен шағын ауданда біршама халық тұрады. Жаңадан салынған 150-ге жуық бала саны бар орта мектеп, депо, басқада темір жол мекемелері, жеке кәсіпкерлердің өндірістік цехтары орналасқан. Қаламен шағын ауданды республикалық маңызы бар теміржол кесіп өтеді. Шағын ауданға апаратын жол күрделі жөндеуден өткен. Себебі бұл жол, Ерейментау қаласына кіре берісте орналасқан. Оны жөндеу, басқа да инфраструктураларды дамыту қала әкімінің жоспарында бар. Қазіргі таңда шағын ауданға рейстік автобус өз уақытымен қатынайды. Такси көліктері де жол ақысын төмендетті. Шағын аудан тұрғындары «AMANAT» партиясына, қала әкіміне алғыстарын білдіріп, партияға артқан сенімдері ақталғандарына дән риза.
–Шағын ауданда ешқашан асфальт жол төселмеген болатын, тек қана грейдер жол болды. Балаларға әсіресе көктем мен күз кезінде мектепке бару қиын соғатын. Көлігі жоқ адамдарға қалаға қатынау мүлдем қиын. Жол азабынан такси шақыру қиын болатын. Міне, күрделі мәселеміз шешіліп, қазіргі таңда автобустар, таксилерде қатынайды. Партия жұмысына, жалпы қала әкіміне ризашылығымызды білдіреміз, – деді аудан тұрғыны Имаш Азамат.
Бүгінгі күні Шанхай шағын ауданы бойынша жолдар асфальтталып, су өткізу каналдары салынды. Келесі жылдары шағын ауданда көшені асфальттау, жарықтандыру жұмыстары жалғасатын болады. Соңғы жылдары жалпы Ерейментау қаласы және Сілеті, Малтабар ауылдары бойынша 15шаршы шақырым жол төселіп жаңартылды. Биыл да біршама жол жаңарту жобалары жасалып жатыр.
Динара ДҮЙСЕН,
«AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалының баспасөз хатшысы.