Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Темірқазық» – әдебиетке құмар жастардың құтты мекені - АРҚА АЖАРЫ

«Темірқазық» – әдебиетке құмар жастардың құтты мекені

Таяуда «JAS AQMOLA – 2022» облыстық жастар сыйлығын тапсыру салтанатында «Жыл жаңалығы» номинациясы бойынша Көкшетау қаласындағы электронды кітапхана жанынан құрылған  «Темірқазық» әдеби ұйымының жетекшісі Нұрлан Қыстаубай  марапатталып, облыс әкімінің дипломы және ақшалай сертификатына ие болды. Біз осы орайда, байқау жеңімпазының мақаласын жариялап, әдеби ұйымның атқарған жұмыстары мен тың жобалары туралы ойларын ортаға салып отырмыз.

Жалпы, біздер дәл қазір жаһандану­дың ең күрделі кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Себебі құндылықтар алмасып, ақ пен қараны ажырату күннен-күнге қиын­дап бара жатыр. Осындайда ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан да «Ақыл да, ұсталық та оқумен,  істеумен жүре  ұлғая­ды. Дүниедегі жер билігі ұста да ақылды  жұрт қолына ауып барады», – деп ұлт болашағына алаңдағаны бар.

Соңғы кезде түрлі тренинг өткізгіштер мен мотивация бергіштер көбейіп кетті. Олар ақшаға құныққаны соншалық дінге, ділге, дәстүрге қарсы сөздер айта бастады. Адам­дар соларға кәдімгідей еріп, кімге сенерін білмей қалған сәттер де болады. Қоғамдағы осындай келеңсіздіктерді ой елегінен өткізе келе біршама жобалар мен жоспарларды жасау керек деген ой келді.

Қазақтың талантты ақыны Жұмекен Нәжімеден бір кезде көк зеңгіріндегі Темірқазықты ұшар биігін нұсқаған, адастырмас Ар мəйегіндей, арман шынарындай жанына сүйеніш тұтып, əдемі бір толғанысын жазып еді. Ал бүгін Жұмекендей қаншама тұлға мəңгілік мұрасымен талай ұрпақтың көз тігер Темірқазығына айналғанына әдебиет пен тарих куә. Темірқазық десе, ең алдымен ойыма тура жолдан адастырмас, бағытынан бұрмас, ғасыр жылжып, жылдар ауысса да, қанша дауыл соғып, қанша жауын жауса да, орнын ауыстырмайтын, өзге жұлдыздардан анағұрлым жарық, недәуір үлкен жұлдыз есіме түседі.Қазақта: «Темірқазықты көрсең – жолыңнан адаспайсың» деген тәмсіл бар. Демек, бізді таңдаған пенде өз арнасын тауып, алға нық қадам басуы тиіс.

«Темірқазық» 2021 жылдың 4 қарашасы ашылды. Осы аралықта 300-ге тарта студент қабылданған әдеби орта қалыптасты. Жүрегінің лүпілі мен табанының дүбірі қатар шабатын бауырларымның мақсаты мен мүддесі, талабы мен тілегі, болашағы мен бүгіні бір арнаға тоғысып келеді.

Мен жанбасам лапылдап,
Сен жанбасаң лапылдап,
Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ?! – деген ұранның саясына жиналған жаңа Қазақстанның заманауи жас толқындары бір-біріне бауыр, жанашыр. Олар ән шырқаса құлағыңның құрышы қанып, поэзия оқыса қиялыңның түбіне сүңгисің.

Өзім кітапхана қызметкері болғандықтан, тәрбие көзін осы жерден іздеймін.  Ақын Ұлықбек Есдәулет кітапханаға келген кезде: «Жүрегі бар жалғыз үй» деп айдар тағып кетті.  Демек, Темірқазықтың киелі шаңырағы – кітапхана. Ұйымдағы әрбір жанашыр бауырым дәл осы даналық үйінен қанаттанып, шабыттанатыны рас. Олардың уақытын тиімді әрі пайдалы өткізіп, Алла берген мүмкіндікті, бойдағы талантты дұрыс жұмсауына себепкер боламын.

«Заманың түлкі болса, тазы болып шал», – дейді қазақ. Жылпостар мен қулар жымыңдап жүріп, ебін тауып екі асайды. Адам заманды өзгертті, бірақ, заман адамды өзгертпесе екен деймін. Қанша жерден тазы, қасқыр бол десе де, адамдардың адами қасиетін, құндылығын жоғалтпағанын қалаймын.  Өзің өмір сүруге мүмкіндік алған заманды жақсартуға үлес қосып, бақытты да баянды ғұмыр кешу маңыздырақ деп ойлаймын.  Мұнымен не айтпақпын?  Кейде барлығын өзгерту үшін бір ғана дұға жеткілікті… Темірқазық – Алланың маған берген аманаты. Негізгі мақсаты – адамдарға пайдалы болу. Тәрбиелі, білімді, білікті, талантты, талапты, әдебиетшіл, мәдениетшіл, тарихи құндылықтар мен салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты сақтай отырып, осы заманға сай креативті, байсалды, кідіріске берік, кітап оқитын, SMM, мобилография, копирайтер сияқты заманауи мамандар мен жан-жақты тұлғалар тәрбиелейтін орта.  Біздің ең басты артықшылығымыз еркін ой, еркін формат, еркін идея.

Бір жыл көлемінде «Темірқазық» ұйымы 30-ға жуық түрлі форматта кеш жасады. Мысалы: Ақмола облысы,«Жастар» ресурстық орталығымен бірлесіп, «Сезім музейі» атты поэзия кешін, Қорғаныс академиясының курсанттарымен бірлесіп, «Толқысын шартарап» атты вальс кеші және тағы да басқа жиын-кештер өткізді. Осы уақытқа дейін 5 кітап марафоны, 4 ірі байқау, қайырымдылық акциялары мен Көкше төңірегіне саяхаттар болып өтті. Сонымен қатар, Көкше телеарнасының «Көкше нұры» таңғы бағдарламасының эфиріне төрт рет шығып, арнайы репортаж түсіріліп, бірнеше сұхбат берді. Қараша айының 5 жұлдызы күні «Темірқазық» өзінің бір жылдығын атап өту мақсатында ірі көлемде жиын-кеш өткізді. Оның барлығы біздің инстаграм парақшаға жариялануда.

«Темірқазық» ұйымы Ақмола облысы мен Көкшетау қаласы бойынша мәдени мекеме, қоғамдық ұйым, клуб, әдеби ошақтармен, зиялы қауым өкілдерімен, баспасөз қызметі және Көкше телеарнасымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды.  Қайрат Жолдыбайұлы «Кемел адам» кітабында: «Су – қандай ыдысқа құйылса да сол ыдыстың формасына ыңғайланып, өз қасиетін жоғалтпастан пішінін өзгерте алады. Сен де су тәрізді жағдайға ыңғайланып, қоғамға бейімдел. Бірақ, су секілді сен де өз болмысыңды, ішкі құндылықтарыңды сақта» деп жазған екен.

Темірқазықтың жастары осындай болуы керек. Су алдындағы бөгеттерден жолын тауып айналып өтеді. Бізде алдымыздағы  кедергілерден өтуіміз керек. Су түрлі-түсті формаға өзгереді. Мысалы: бұршақ, қар, жаңбыр. Бізде өзгерістен қорықпауымыз керек. Өзгерістің дәмін татқан адам ғана дамиды.

Нұрлан ҚЫСТАУБАЙ,
Көкшетау қалалық электрондыкітапханасыны  меңгерушісі,
«Темірқазық» ұйымының жетекшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар