– Ақмола облысында ҚР Парламенті Сенатының депутатын сайлау басталды. Сайлауға өңірдегі әр деңгейдегі мәслихат депутаттарының 219-ы дауыс беруге қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақмола облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуовтың айтуынша, сайлауға қатысатын облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттарының тізімі бойынша дауыс беретін барлығы 233 депутат тіркелген. Алайда оның 14 түрлі себептермен дауыс беруге қатыса алмады.
Айта кетсек, Ақмола облысынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үш кандидат тіркелді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын Ақмола облысы бойынша сайлауы Көкшетау қаласындағы «Bolashaq saraiy» сарайы ғимаратында өтіп жатыр.
Айта кетсек, бүгін елімізде Парламент Сенатының депутаттарын сайлау өткіізлуде.
Ал Сенат депутаттығына кандидаттардың толық тізімімен мына сілтеме бойынша өтіп, танысуға болады.
Автордың фотосы