Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бүгін елімізде Парламент Сенатының депутаттарын сайлау өтеді - АРҚА АЖАРЫ

Бүгін елімізде Парламент Сенатының депутаттарын сайлау өтеді

 – Елімізде бүгін сағат 10.00-де ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Сенат депутаттарын сайлау бюллетеніне 55 кандидат тіркелген. Оның ішінде, Алматыдан — 4, Жамбыл, Павлодар, Алматы, Жетісу, СҚО және Түркістан облыстарынан — 2 кандидат бар. Басқа өңірлерден және Астана мен Шымкентте 3 кандидаттан тіркелген.

Республика бойынша Сенат депутаттарын сайлауға 3 168 дауыс беруші қатысады. Ең көп дауыс беруші Түркістан (317 дауыс беруші) және Қостанай (263 дауыс беруші) облыстарында. Ал ең азы Астанада – 31, Шымкентте – 30 және Алматыда – 38.

Сенат депутаттығына кандидаттардың толық тізімімен мына сілтеме бойынша өтіп, танысуға болады.

Еліміздің Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, өткен жылы 24 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18:00-де кандидаттарды тіркеу аяқталды.

Ал 13 қаңтар күні сағат 00:00-де кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары тоқтатылды. Осылайша, күнтізбелік жоспарға сәйкес, дауыс беру күнін ұйымдастыру мен өткізуге байланысты сайлау алдындағы барлық іс-шаралар аяқталды.

Айта кетейік, Сенат депутаттарын сайлау күні, яғни бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсы арқылы сайлаушыларды тіркеуді және дауыс берудің алдын ала қорытындыларын шығаруды онлайн-байқау сервистері жұмыс істейтін болады. Бұл сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығына ықпал етеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар