– Ақмола облысында ҚР Парламенті Сенатының депутатын сайлау аяқталды. Талғат Жүнісов ең көп дауыс жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақмола облысынан ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үш адам үміткер болған. Сайлау Көкшетау қаласындағы «Bolashaq saraiy» сарайы ғимаратында өтті. Онда өңірдегі әр деңгейдегі мәслихаттардың 233 депутатының 219-ы немесе 94 пайызы дауыс берді, 14 түрлі себептермен дауы беруге қатыса алмады.
«Таңертең дауыс беруге арналған жәшікті пломбалау рәсімдері өткізілді, жиналыста депутаттарға дауыс беру тәртібі түсіндірілді. Сайлау заң аясында өткізілді. Қазіргі кезде, таңдау жасау аяқталды. Алдын ала қорытынды бойынша Талғат Жүнісов ең көп дауыс (199) жинады. Сондай-ақ, А.Балташева 7 дауыс, А.Сабитова 6 дауыс жинады. Ал 7 адам бәріне қарсы дауыс берді. Бұдан бөлек, 17 бюллетень пайдаланылмады», -деді Ақмола облысы бойынша аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында Сенат депутатын сайлау басталғанын жазған едік.
Фото:baribar.kz