Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Текті ағамыздың сексен бесі - АРҚА АЖАРЫ

Текті ағамыздың сексен бесі

Адам баласының жасаруы мен қартаюы бірдей бола бермейді.  Мұнымен айтқымыз келіп тұрғаны, әрине, жалын атып тұрған жастыққа төтеп беру қиын, ал егделеніп қалған адамның шау тартқан шағында еңсесін түсірмеуі, кәрілік деген өмір белесіне алдырмауы сирек кездеседі. Былайша айтқанда, мұндай адамдарға сүйсінісімізді жасыра алмай, «қандай әдемі қартаю» деп жатамыз ғой.

Міне, мен таныған, араласқан адамдардың ішіндегі осындай ілтипатқа лайық, алдыңғы буын ішіндегі қариялыққа көзің қимайтын ел ағаларының арасында маңдайы жарқыраған марғасқа серісі, орыны бөлек жайсаңы деп өзіміздің Телағаңды, құрметті Тельман Шәріпұлы Мұқышевтай ардагер ағамызды атар едім. Тұлғасы мен келбеті, буырқанған күш-жігері мен қайратына көз жеткізіп тұрып, дәл осы шақта сексен беске келді дегенге, тіпті, көңілің сенбейді, бірақ, ақиқаттан қайда қашасың. Осындай ой арқылы ол кісінің абырой-беделі біздің алдымызда мүлде аласармайды, қайта керісінше, оған деген құрметіміз бен сүйсінісіміз арта түседі. «Паһ, шіркін, осындай шағына дейін жігітшілік тұғырынан түспеген біздің Телағаңдар нағыз ер екен-ау!» деп еріксіз таңдай қағысамыз.

Шынында да, жарқылдаған жиырма бесі мен орда бұзар отызында кімдер жалындап атой салмасын, кімдер қызулы, тау жығардай екпінді болмасын, оның несіне таңданарсың, ал жігітшілігін ғұмырының өнебойында сақтай алған, жаратқанның сыйлаған ғұмыр жасы жер ортасынан ауа бастағанда да, «енді қартайдым!» деп мүжілмей, жігерін жасытпай, осалдыққа берілмей, сыр алдырмай, қыры сынбай, басын тік ұстап, еңсесін түсірмеген, рухын биік ұстап өткен азамат қандай құрметке де лайық емес пе.

Дәм-тұзымыз жараса жүріп, Тельман Шәріпұлының талай озық қасиеттеріне көзім жетті, қайсы бірін айта берерсің. Ол нағыз ел ағасына лайықты қасиеттерге ие, жұртының жанашыры, қауым ортасының сый-құрметіне бөленгендігіне талай жерде көзім жетті, куә болдым. Ел азаматтарының, аймақ басшыларының арасында зор беделі барлығына, таптырмайтын ақылшы ағалығына, ақсақалдық байыпты ой айта білетініне де талай мәжілістерде сүйсініп, ризашылығымды білдіргенім бар.

Адам осындай өрелі ойлар арқылы қалай табысып, жақындаса түскенін аңдамай да қалады ғой. Екеумізді жақындастыра түсетін, сыр бөлісуге, ортақтас, пікірлес болуға итермелейтін жағдайлар көп, ол кісі кезінде облыстың білім саласының тізгінін ұстаған, салиқалы да парасатты ойлы азамат, адамгершілігі мен өмір тәжірибесін бойына қатар жинақтап, қалыптастыра алған жан, өмір құбылыстарына сергек үңіле біледі, салыстыра салмақтап, байыпты ой түйе біледі.

Көпоқитыныөзалдына, спортты да жастайынансерікеткенжан. Жалпыазаматқадірінәрқырынанбағалайбілетін, түсінік-танымызорөресінекөзімжетті. Телағаңменәртүрлітақырыптарда ой бөлісудіңөзібірғанибет, жауапсызсөйлемейді, қорғасындайсалмақтыпікір-көзқарастарыменбаурайды, бойыңакүш-қуатдарытарағалықадаллебізінбілдірудентартыныпқалмайды. Соныменбірге, жалғанқолпаш, жасандысылдырсөздерден де аулаққасиетінаңдағандайболамын. Әуелгікездескенде, тәкаппар, суықмінезділеумедепқалғандайедім, жақынараласакелгенде, өзімдегенгеөзегінсуырыпберердей, кішіпейіл, қарапайымдылығына да көзімжетті. Екеуміздіңсыйласудеңгейіміздіңжоғарылағандығыдеуімізкерекшығар, ақсақалдықжасынақарамастан, меніңалпысжылдықмерейтойымда той тізгінінқолынаалып, асабалыққызметжасағанынақалай разы болмассың?

Тельман Шәріпұлындай нағыз елдің ардагер ағасы туралы көп айтуға болады, бірақ, көп сөзбен ол кісі туралы әдемі ойымызды көпірмеге айналдырып, қадірін қашырып алғымыз келмейді, сөзіміздің дәмін кетіріп алмайық деп ат басын тежей тұрғым келеді. Бұған қосарым, Телағаңмен әлі талай емен-жарқын, ағынан жарылған ақ тілектеріміз айтылар күніміз алда деп ұғамын. Жаратқан иеміз тек жақсы күндерде жолықтырғай!

Аса құрметті Тельман Шәріпұлы! Осынау асулы асқаралы, ел-жұртыңыздың ортасында келіп отырған қадірменді мерейтойыңыз, абыройлы да айбынды жасыңыз құтты болсын!

Халқыңызбен бірге жасап, сый-құрметіне бөленіп, қызығы мен қуанышын бөлісіп, жаңаша өмірге ұмтылған, жасарған, жаңғырған ұрпақтарыңызбен, қазақ елімен бірге, бақытқа бөлене беріңіз, шат-шадыман шырайлы күндеріміз көп болсын!

Өзіңізге, қосағыңызға, жалпы отбасыңызға, бала-шағаңызға амандық тілеймін!

Не айтайын, сыйласқан Телағама,

Сөзім жетпей қалмасын, шын бағаңа.

Тұғырыңнан түспеші, ел алдында,

Ғасыр ғұмыр сыйласын, хақ тағала!

Ағалық жол сіздікі, өзің баста,

Інілікке жарасақ, аға, қошта.

«Біздерге жүзден артық сан жоқ па?»деп,

Отырыңыз, Телаға, ғасыр жаста!

 Досжан ӘМІР.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар