Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жеті жыл салынып жатқан мектеп құрылысы қашан аяқталады? - АРҚА АЖАРЫ

Жеті жыл салынып жатқан мектеп құрылысы қашан аяқталады?

Жетінші жыл Көкшетау қаласының шағын аудандарының біріндегі мектеп құрылысы әлі аяқталмай отыр. Оқу-тәрбие кешенін салу 2016 жылы басталып, бір жарым жылдан кейін ол ашылуы тиіс еді. Бірақ, құрылыс бірнеше жылға созылуда және оның нақты аяқталу мерзімі әлі де белгісіз. Бұл туралы Ақмола облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасарынан сұрап білдік.

Бірнеше жыл бұрын жергілікті тұрғындар Көкшетаудың шетіндегі жаңадан салынып жатқан жеке тұрғын үйлер ауданында жаңа мектеп салынады деген жаңалыққа қуанған болатын. Өйткені, бұл сол арада жылдан-жылға етек-жеңі кеңіп жатқан шағын аудан тұрғындарының өз өтініш-тілектері еді. Енді олар оның аяқталуын тағатсыздана күтуде. Әсіресе, соңғы жылдары мұндағы тұрғындар саны көбейіп, оқушылар саны артқан сайын баланы алыстағы мектепке тасу қиынға соғып отыр. Қазір мыңға жуық бала білім алу үшін қаланың басқа аудандарына немесе әр жағындағы Краснояр ауылына баруға мәжбүр.

–Қаладағы мектепке жету үшін 30-40 минут уақыт қажет, кейде біз тіпті сабаққа үлгермей жатамыз. Автобустар мүлде тоқтамайтын да уақыттар болады, өйткені, олардың іші лық толы келеді. Келесі автобусты күтуге мәжбүр боламыз. Біздің өзіміздің шағын аудандағы жаңа мектепке барғымыз келеді. Бірақ, ол тым ұзақ уақыт салынып жатыр, – деді мектеп оқушысы Алданияз Балташев.Бұл жағдайға ата-аналар қауымы да базынасын білдірді.

–Бір мектепті 6-7 жыл бойы қалай салып бітірмеуге болады?! Біз жылда күтумен жүрміз. Менің қызым бар, 1-ші мектепке барады, біз оны күн сайын қала ішіне апарып, алып келіп отырамыз. Бұл мектептің құрылысы осы бала дүниеге келгенде басталған болатын. Осы мектепке береміз деп қуанған едік. Соның бәрі өкінішті, әрине, – дейді осы аудан тұрғыны Динара Татина.

Жергілікті тұрғындардың қала басшылығына өкпесі қара қазандай. Соңғы үш жылда олар қала әкімдігінің табалдырығын тоздырып, облыс басшылығына бірнеше рет хат жолдаған. Ондағылар мектепті жақын арада тапсырамыз деп құрғақ уәдемен шығарып салады. Алайда, аталмыш білім ордасының жақын арада құрылысы аяқталар түрі жоқ.

–Осы мәселені талай рет айтып, әкімдікке жеткіздік. Ақсақалдар да мектеп құрылысы мәселесін көтерді. Сол кезде қала басшылығы былтырғы жылдың желтоқсан айын соңғы мерзім деп белгіледі. Бірақ, бұл уәдеде орындалмады, – дейді Роза Исмағанбетова да.

Бұл мектептің құрылысы шенеуніктер үшін де нағыз бас ауруына айналды десек артық айтқанымыз емес. Мамандар түсіндіргеніндей, мердігер ұйымда жобаның дұрыс болмауына байланысты мектептің іргетасын қалау кезінде проблемалар басталған. Одан бері құрылыс материалдары мен жабдықтарының да күрт қымбаттағаны тағы бар. Сондықтан,мектепқұрылысыжобасынабірнешереттүзетулереңгізілген.

–Мердігердіңіргетастыауыстырғанынабайланысты 107 миллион теңгекөлеміндешығынғажолберілді. Ал,бүгіндеолтапсырысберушіге, құрылысбасқармасынаталапарызберді. Бізтапсырысберушіболғандықтан, олбізді осы актігеқолқоюжәнеөзіне 107 миллион теңгетөлеуүшінмәжбүрлеутуралысотқаберді. Яғни, бұлретте,айтарлықтайқаржылықмәселелер бар. Келесіжылынысандыаяқтаудыжоспарлапотырмыз. Өйткені, мердігержұмыстыаяқтауғакепілдікберді, – дептүсіндірдіқалыптасқан жағдайды облыстыққұрылысбасқармасыбасшысыныңорынбасарыРауанОспанов.

Қазірмектепқұрылысыжұмыстарының 90 пайызы орындалды. Дегенмен, шенеуніктер мен мердігерлерарасындағы сот әлі де жалғасуда. Жергіліктібиліксендіргеніндей, мектепкелесіоқужылында шағын аудан балаларына есігінайқараашуы тиіс. Бірақ, тұрғындар бұған да күмәнданып, уәделеріне сенбей отыр.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар