Ақмола облысында жер учаскелерін бизнеске бөлу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын зерттеу мақсатында жер учаскелерін бизнеске бөлу және олардың қолжетімділігі, сондай-ақ бизнес объектілеріне инфрақұрылымды жеткізу (желілерге қосылу) мәселелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады.

Департамент сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.

Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамына кіру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатысуға шақырылады.

Азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын қабылдау үшін anticorruption1494@mail.ru электрондық поштасы, сондай-ақ 8 (7162) 29-66-24 байланыс телефоны жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Департаментке Antikor ortalyǵy алаңы (Көкшетау қаласы, Назарбаев даңғылы, 71/1) арқылы жүгіну мүмкіндігі қарастырылған.

Барлық мүдделі азаматтарды ынтымақтастыққа және қатысуға шақырамыз!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар