Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кеш келген махаббат - АРҚА АЖАРЫ

Кеш келген махаббат

(әңгіме)

Ауылдан көшіп келгелі Әлібек осы шағын қалада біраз қызметтің басын қайырып тастады. Елде отыз жылдай ұстаздық еткен оны басқа қызметтер де қызықтырғаны рас. Мектепте жүргенде аудандық, облыстық газеттерге мақалалар мен арасында өлеңдер жаза жүріп алған«аудандық газеттің берген штаттан тыс тілшісі» деген куәлігі кәдеге жарап, жергілікті газетке әдеби қызметкер болып орналасты. Жұмыстан соң мектептегідей кешке көз майын тауысып күнделікті сабақ жоспарын жазу деген атымен жоқ, осы қызмет өзіне ұнап, іштей болашаққа шығармашылық жоспар құрып жүргенде жеке газет болып шығатын қазақ бөлімі жабылып,штаттың тең жарымы қысқарып, бұл қайтадан ұстаздық қызметіне орналасты.Мектепте қызмет атқара жүріп байқағаны, мұндағы халық бірнеше жерде жұмыс жасап жүре береді екен, тек уақыты сәйкес келсе болды. Бұл да қарап жүрмей, ара-арасында музейде, аудандық мәдениет үйінде қызметтер атқарды, тіпті әкімдікте де өзін байқап көрді.

Бірақ, өзінің негізгі мамандығы ұстаздықты темірқазық етіп, сол қызметінен ауытқыған жоқ.Аудан орталығының иегінің астындағы ну орманның қойнауында бұлағы бұлықсып ағатын Бұланды орта мектебінің ұжымы жасын сыйлады ма, өте жылы қабылдап, тез сіңісіп кетті.Әсіресе, мектеп басшысы өзіне өте ілтипатты болған соң бойындағы өнерін жасырып қалмай, домбыраға қосылып салатын қоңыр даусымен конкурстарға қатысып, мектептегі ансамбльдің мүшесі болды.

Мектеп ұжымымен  жылда маңайдағы ауылдарға концерттік бағдарламамен шығып жүрді. Қырық жыл мектепте қызмет атқарғанда талай директорларды көрсе де осы мектептің басшысының принципшілдігі мен турашылдығына тәнті болды, заты әйел болса да ер мінезді, ойын тура айтатын, әділетсіздікке төзбейтін, өзі деондайға жол бермейтін өжеттігіне қарап, ертеде жаугершілік заманда атқаотырып, қол бастаған арулар осындай-ақ болған шығар деп іштей таңырқаумен жүрді.

Өстіп екі ортаға қатынап жүргенде аудан орталығындағы мектеп-гимназиясына өз пәні бойынша шақырту алып, уақытша өз мектебіндегі негізгі жұмысына қоса атқаратын мұғалім болып орналасты. Алғашқы күндердің бірінде бір кабинеттің тұсынан өтіп бара жатып, компьютермен жұмыс жасап отырған екі мұғалиманы көзі шалып қалды, дегенмен мұның назарын орта бойлыдан сәл төмендеу келген келіншектің көркі ерекше аударды.

Өмірінде қазақтың талай аруларын көріп жүрсе де, мынандай ерекше әдемі, ерекше сұлулықты алғаш көргендей таң қалды. Себебі, бұл келіншектің сұлулығы қазақтың қыздарына ұқсамайтын, түрікменнің, әлде тәжіктің қыздарына тән ерекше тартымдылық пен жылылық сұлу жүзін одан сайын ажарландырып тұр екен. Іштей «біздің жақта да осындай сұлу арулар болады екен-ау» деген таңданысын жасыра алмады. Сөйтсе, расында да оны құрбылары мен әріптестері осы сұлулығын француз аруларына теңеп, «француженка» деп атайтын көрінеді. Оның үстіне ауыл қыздарына тән ибалылық пен кішіпейілділік, кіммен болса да тіл табыса кететін ақжарма ашық мінезіне тән сұлулығы мен жан сұлулығы қосылып, үйлесім тауып жарасып-ақ тұр екен.

Бір күні сабақтан шығып келе жатқанда осы сұлу келіншек қоңырау шалды, сөйтсе бұл сабақ беретін жоғары сыныптың жетекшісі екен, телефоннан дауысы дұрыс естілмегесін ертеңіне мектепте өзі келіп, жолығып балалардың сабағы жайында әңгімелесті. Сөйтіп, екеуінің таныстығы осылай басталып,оның есімі Алау екені аян болды. Бұл мектепте аптасына екі рет сабақ бергендіктен, Алауды сирек болса да көріп жүрді.

Көрген сайын сұлу жүзіне әйел әлеміне тән жұмбақ жасырылғандай, соның шешімін іздегендей ынтыға берді. Уақыт өте келе, бір көрмей  кетпесе көңілі көншімейтіндей күйге түсті. Алпысты алқымдаған шағында Балқадишаны көргендегі Ақан серінің бозбалалық, жастық шағы қайтып келгендей күй кешкеніндей бір күйге түскенін байқамай да қалды немесе жасы ұлғайған шағында Бегімай сұлуға ғашық болған қырғыз ақыны Раймалының:

Бойыңнан күлкің төгіліп,

Үгіліп санам сөгіліп.

Уайымға салдың ағаңды да,

Мен ұлғайған кезде көрініп.

Толықсып толған ай берен,

Бақшада күтші жайменен.

Бой тұмар сынды періштем-ай,

Мен бос болған кезде қайда едің, – дегенінің кері келді. Өмір деген де қызық-ау, осынау жасқа келгенде өзінен екі мүшел жас кіші келіншекке көңілі ауады деген ой үш ұйықтаса түсіне кірген бе?! Кейде қиял көгіне мінгенде екеуіміз де тетелес болып, жастық шағымызда кездескенде тағдырым басқаша болар ма еді деген пендешілік ой бойын билеп алатыны бар. Алауды көрген сайын бойын ерекше бір сезім билеп, өзін бозбалалық, жігіттік шағына қайта оралғандай сезінетін.

Бірде кітапханадан шығып келе жатқанда Алаумен бетпе-бет кездесіп қалды, өзін тап бір бозбала шағында қызбен алғаш кездескендей алабұртып кетіп, оның қолынан қалай ұстай алғанын өзі де байқамай қалды. Алаудың кішкентай ғана жып-жылы нәзік алақандары бойын тоқпен ұрғандай әсер етіп, екеуі де бір-біріне үнсіз ғана көзбен ұғысқандай күйде тұрып қалды. Көз адамның айнасы деген, хакім Абай «ғашықтың тілі – тілсіз тіл, көзбен көр де ішпен біл»дегенді осындайда айтса керек. Екі бетіне қанқызыл рең ойнап шыға келген Алау да тартына қоймай, қолдарымен ұмсына берді…

Өстіп жүріп жатқанда көп ұзамай жанұя жағдайына байланысты Алау басқа қалаға көшіп кетті. Әлібекке мектеп қаңырап қалғандай болды. Сабаққа келгенде үшінші қабаттағы Алау сабақ беретін кабинетке қарағыштап, алаңдаумен жүріп көңілі алабұртқан күйінде отыра қалып, шатып-бұтып өлеңнің мазмұны мен ұйқасына қарамастан төрт бес шумақ өлеңді сүйкей салып Алау отырған столдың үстіне қойып кетті.

38-ші кабинет,

Әрқашан маған ыстық ед.

Сыртынан қарап сығалап,

Үміттеніп жүруші ем.

 

38-ші кабинет,

Қыста салқын болса да.

Ішінен бір жылылық,

Жаныма шуақ сыйлаушы ед.

 

Сен кеткен соң мектептен,

Мен де кеттім мектептен.

Ешбір қызық қалмады,

Өзің көшіп кеткен соң.

 

Көзден ұшып кетсең де,

Көңілде қалдың мәңгілік.

Әттең шіркін дүние ай,

Кездеспедік ертерек.

 

Не айтамыз тағдырға,

Жазылған солай маңдайға.

Ақан сері әніндей,

Жырлап өтем мәңгілік.

Көп ұзамай Әлібек те оқушыларының «ағай кетпеңізші» деп жалынғанына қарамастан, арызын жазып басқа салаға ауысып кетті.

       Амантай Бейсекеев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар