Прокуратурамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактісі анықталды

Қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың мемлекеттік қызметті өткеру тәртібі қарастырылған.

Заңнама талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметке қабылданған уақытта мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті.

Ақмола облысы Есіл ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына талдау жүргізу барысында жергілікті атқарушы орган бөлімдерінің бірінің лауазымды тұлғасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау фактісін анықтады.

Мемлекеттік қызметші мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола отырып, қызметте болумен байланысты шектеулермен танысып, ауданның білім беру мекемесіне қаржы, экономикалық, бухгалтерлік жұмыс бойынша қосымша қызметтер көрсеткен, ол көрсетілген қызметтері үшін ақшалай сыйақы алған.

Заңнама талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақылы қызметпен айналысуға құқылы болмайды.

Аудан прокуратурасы анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы орган басшысының атына прокурорлық қадағалау актісін жіберді.
Тәртіптік комиссияның шешімімен лауазымды тұлға теріс себеп бойынша мемлекеттік қызметтен босатылды.

Есіл ауданының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар