Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына жаңа басшысы тағайындалды - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

— Ақмола облысы әкімінің өкімімен Алмас Аянұлы Алин Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмас Аянұлы 1977 жылы туған. 1999 жылы Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «көркем еңбек мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 2008 жылы «Болашақ» Қарағанды университеті жеке мекемесінен «экономика» мамандығы бойынша білім алып шығады.

Еңбек жолын Сәтбаев қаласы орта мектебінің мұғалімі лауазымынан бастаған. Бірнеше жылдар бойы түрлі басқарушылық қызметтерде еңбек етті.

Айта кетейік, бұған дейін Алмаз Аянұлы Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

Еске сала кетсек, Талғат Жүнісов алдын ала қорытынды бойынша Ақмола облысынан Сенат депутаты болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар