Ақмола облысының студенттер құрамасын XXXI қысқы Универсиаданың сәтті аяқталуымен құттықтаймын!

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 11 медальмен 11-ші орында тұрақтады. Оның ішінде ақмолалықтар 8 медаль жеңіп алды.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев спортшыларды құттықтады.

Алтын медальдар – Вадим Куралес және Бекентай Тұрлыбеков (биатлон);

Күміс медальдар – Яна Хан, Антон Хван, Еркебұлан Шамуханов (шорт-трек);

Қола медальдар – Надежда Степашкина (шаңғы жарысы), Александр Мухин (биатлон);

Кирилл Полохов (шайбалы хоккей).

Ел намысын абыроймен қорғаған спортшыларымызға алдағы уақытта да жаңа жеңістер тілеймін!

Ермек МАРЖЫ)ПАЕВ,
Ақмола облысының әкімі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар