Өңір экономикасы ойдағыдай дамып келеді

Соңғы он жылда Ақмола облысының жалпы өңірлік өнім құрылымында өнеркәсіп секторы басым салмаққа ие болды. Әлемдегі күрделі саяси және экономикалық жағдайға қарамастан, өнеркәсіп секторында жоғары технологиялық, бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өнімдер өндірісін ұлғайту және өнеркәсіпті орнықты дамытудың оң нәтижелері сақталып отыр. 

Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп саласында Ақмола облысы алғаш рет рекордтық көрсеткішке,яғни, 1,5 триллион теңгеге жетіп, өңір экономикасын алға дамытуда. Ерекше екпін түсіре атап өтерлігі, республикалық рейтингте Ақмола өңірі 2022 жылы өнеркәсіптің даму қарқыны бойынша көшбасшы болып отыр. Республикамызда өндірілетін мамандандырылған автомобильдердің әрбір екіншісі біздің өңірде шығарылса, елімізге қажеттімойынтіректер100 пайыз бізде өндіріледі. Сонымен қатар,  еліміздегі құрамында алтын бар кеннің әрбір 2-ші тоннасы Ақмола облысына тиесілі,  астық жинайтын комбайндар мен тракторлардың әрбір екіншісі, керамикалық кірпіштің әрбірүшіншісі, салқындатылған құс етінің әрбір үшінші тоннасы,  алтынның  әрбір 3-інші келісі Ақмола облысында өндіріледі.                                                                                          

Өткен жыл өңіріміздің өнеркәсіп саласы бойынша өнімді жыл болды. Тарқатып айтар болсақ,өнеркәсіптік өндіріс құрылымында өнеркәсіптің тау-кен өндіру саласының үлес салмағы – 10,7 пайызды, өңдеуші – 80,8 пайыз, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 7,8 пайыз, сумен жабдықтау саласы-0,7 пайызды құрады. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде нақты көлем индексі 141,2 пайыз, өндірілген өнім көлемі 159,0 миллиард теңге көлемінде болды.Өсім құрамында алтын бар кендерді өндіру көлемінің 48,8 пайызға, мыс концентраттарын өндіру көлемінің 32,8 пайызға ұлғаюымен байланысты. Ал, өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі 110,7 пайыз, өндірілген өнім көлемі 1197,2 миллиард теңгені құрады. Химия саласында 135,4 пайыз, металлургияда 121 пайыз, сусындар өндірісінде 129,4 пайыз және резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде 101,5 пайыз, тамақ өнімдерін шығаруда 101,1 пайыз оң динамикаға қол жеткізілді.  Химия өнеркәсібінде пестицидтер өндіру көлемі 48,9 пайызға, этил спирті 25,7 пайызға ұлғайды. Металлургия саласында өңделмеген алтын өндіру көлемі 16,9 пайызға өсті Бұған «Aksu Technology», «RG Processing» серіктестерінің жүйелі атқарған жұмысы оң серпін берді. Алкогольсіз сусындар өндірісінде де өсім бар.  Мысалы сусындар 37,1 пайызға, арақ өндірісі 43,2 пайызға өсті. Бұл көрсеткішке«Көкшетау минералды сулары»акционерлік қоғамының өз септігі бар. Азық-түлік өндірісі, оның ішінде ұн өндірісі 36,9 пайызға, өсімдік майы 39,7 пайызға, сары май 8,5 пайызға өсті. Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде пластмассадан жасалған құбырларды өндіру көлемінде де оң серпін бар. Көріп отырсыздар, өткен жылы өсімсіз өндіріс саласы жоқ.

Алдағы жылы да осы қарқыннан таймай, өнім көлемін арттыруды жоспарлап отырмыз. Атап айтар болсақ, 2023 жылы Қазақстан Республикасы бойынша алтын өндірісін 30 пайызға дейін жеткізу, құрамында алтын бар кен өндірісін 57 пайызға дейін арттыру, кірпіш шығару көлімін 45 пайызға дейін ұлғайту, құс етінің үлесін 40 пайызға дейін көтеру жоспарлануда. 2023 жылы өнеркәсіптік өндірістің өсу резервтері тамақ, металлургия және құрылыс индустриясымен байланысты.Тамақ өнеркәсібінде жұмыс істеп тұрған құс фабрикаларының қуатын арттыру жалғасуда. Мәселен, қуаттылығы жылына 25 мың тонна ет өндіруге жететін «Макинск құс фабрикасы» серіктестігінің 3-ші кезегінің құрылысы жалғасуда. Сондай-ақ, қуаттылығы жылына 14,4 мың тонна сұлы жармасын өндіретін «Баха Сонех» серіктестігі, өсімдік майы өндірісін қолға алған, жылдық қуаттылығы 198,0 мың тонна болады деп жоспарлап отырған «Бота-2015» серіктестігі өз жұмысынбастады.

Тау-кен металлургия кешенінде «RG Processing» серіктестігі өндірістік қуаты жылына шамамен 5 тонна Доре қорытпасын немесе 5,0 миллион тонна құрамында алтын бар кенді құрайтын алтын шығару өндірісін іске қосты.Құрылыс индустриясында да соны үдерістер іске асырылуда. Мәселен, «SG Brick» серіктестігінің күшіменқуаттылығы жылына 120 миллион дана болатын ірі кірпіш зауыты іске қосылды. Осыған байланысты облыс бойынша кірпіш өндірісінің жалпы көлемі екі есеге артып отыр. Яғни, біздің өңірде жылына 304 миллион данаға дейін кірпіш өндіру мүмкіндігі бар.

2022 жылы облыс экономикасына 4,3 пайыз өсіммен 566,6 миллиард теңге инвестицияланды, оның ішінде 131 миллиард  теңгеөңдеу өнеркәсібі саласынатиесілі болды.Өңдеуөнеркәсібінде инвестициялар көрсеткіштерінің оң серпініне негізінен, инвестициялық жобаларды іске асыру ықпал етеді.2022 жылы жеке инвестициялар есебінен барлық салаларда 230,6 миллиард теңгенің сомасына 163 жоба іске асырылып, соның есесінен3,5 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде бірыңғай Индустрияландыру картасы шеңберінде 165,1 миллиард  теңгеге 8 жоба қолға алынды.

Осы орайда, 2022 жылғы ең ірі инвестициялық жобаларға тоқталып өтуді жөн санап отырмын. Олардың қатарында Бурабай ауданындағы «RG Processing» алтын өндіру фабрикасы бар. Аталмыш өнеркәсіп орнына салынатын инвестиция көлемі 105 миллиард теңге көлемінде. Жылдық қуаты 5 тоннаға дейін Доре қорытпасы немесе 5 миллион  тонна кен өңдеумен айналысады. Сонымен қатар, Аршалы ауданындағы «SG Brick» кірпіш зауыты 27 миллиард теңге инвестицияның есесінен жылдық қуаты 120 миллион данаға жететін кірпіш өнімін өндіргелі отыр. Шортанды ауданындағыжұмыс істеп тұрған «Kazakhaltyn Technology»фабрикасы16,8 миллиард теңге инвестиция салудың нәтижесінде жылына 650 мың тоннаға дейін немесе 1200 келіге дейін Доре қорытпасын өңдейді. Аршалы ауданындағы«SG Beton»темір бетондар шығаратын зауытта да инвестиция көлемі  15 миллиард теңгені құрайды. Бұл да кәсіпорында өндіріс көлемі ұлғаяды деген сөз.

Ағымдағы жылы жоспарланған жұмыстар жүйелі жүзеге асырылатын болса, 2023 жылы 266 миллиард теңгені құрайтын 164 жоба іске қосылады деп күтілуде.Осының арқасында 4,2 мың жұмыс орны ашылатын болады. 2023 жылғы ең ірі инвестициялық жобалар қатарына Аршалы ауданындағы Borey жел электр станциясын да жатқызу керек. Мұнда инвестиция көлемі 42,5 миллиард теңге, жалпы қуаты 206 МВт-ны құрайды. Сонымен қатар, Макинск құс фабрикасының 3-ші кезегі іске қосылмақшы, инвестиция көлемі 25,7 миллиард теңге, жылдық қуаты 28 мың тонна ет өнімі. Сондай-ақ,  Зеренді ауданындағы жел электр станциясы, яғни, Power эталоны жобасы жүзеге асырылмақшы, инвестиция көлемі  11 миллиард теңге, қуаты18 МВт. Аршалы ауданындағы «SG Brick» кірпіш зауытының 2-ші кезегі іске қосылады деп күтілуде, инвестиция көлемі  10 миллиард теңге, жылдық қуаты 120 миллион дана.

Өңірімізде туризм саласы бойынша да бірқатар ауқымды жобалар іске асырылуда. Атқарылып жатқан ілкімді істер сала көрсеткішінің оң өсімін көрсетіп отыр. Ақмола облысыелдің туристік әлеуетін іске асырудың басым нысаны болып табылады. Облыста туризм саласындағы 600-ден астам кәсіпорын бар, оның 354-і орналастыру нысаны болса, 16-сы санаторлық-курорттық мекемелер, 186-сы жол бойындағы сервис субъектілері. Туристік қызметті жүзеге асыру лицензиясы бар 57 туристік  фирма жұмыс істейді.Статистикалық деректерге сәйкес 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облыста туристерді орналастыру орындарының саны 354-ті құрады.  Сөйтіп, былтыр негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 17,6 миллиард теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 122 пайызға өсті.2022 жылы жалпы инвестиция сомасы 14,4 миллиард теңгеге жетіп, 114 жұмыс орнын құрылған 15 жоба іске қосылды.

2023 жыл 23,8 миллиард теңгенің 60 инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланған. Оның ішінде Ақкөл ауданында «Сенім» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы»республикалық қоғамдық бірлестігі емдеу-сауықтыру орталығының құрылысының жобалықжалпы құны4,5 миллиард теңгеге түскелі отыр. «Wyndham Residence Aqkol Club» курорт-қонақ үйінің құрылысы да қолға алынады. Бұл жобаның жалпы  құны  2,0 миллиард теңге.Целиноград ауданындадемалыс аймағы мен балалар сауықтыру спорт кешенін салу,Бурабай ауданында «Звездный» балалар сауықтыру кешенін қайта жаңарту, Аршалы ауданындадемалыс аймағын салу және қайта жаңарту жоспарда бар.

Туризм саласы туралы мәселелерді тілге тиек етер сәтте, әрине бұла табиғаты бар Бурабай туралы айтпай  кету мүмкін емес. «Бурабай» курортықарқынды дамып келе жатқан туристік аймақ. Биылғы жылы онда көліктік-логистикалық және инженерлік инфрақұрылымдар салу Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарының үшінші кезеңі шеңберінде жүзеге асырылатын болады.Туристік бизнесті мемлекеттік қолдау шеңберінде 2022 жылы 3 кәсіпкерлік субъектісіне 749,7 мың теңге сомасына субсидия берілді. Сондай-ақ, туристік орындарды танымал ету үшін 2022 жылы «Four Season» тұжырымдамасы аясында 10 мың келушіні қамтитын 12 ірі іс-шара өткізілді.

Міне, манадан бері баяндалып жатқан инвестициялық жақсы ахуал мен осының аясында өнеркәсіп және туризм салаларында атқарылған және атқарылғалы отырған ауқымды істер Ақмола өңірі экономикасы мен әлеуметтік жағдайына ілгері бастыруға берік негіз барын көрсетеді.

Ербол ОСПАНОВ,
Ақмола облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар