Жылу және электр желілерінің ескіруіне байланысты тариф қымбаттайды

«Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы аймақтағы жылу және электрмен жабдықтау желілерінің тозуын төмендетуді көздейді. Мәселен, өңірде электрмен жабдықтау желілерінің тозуы 66,18 пайыз, ал,  сумен жабдықтау желілері – 50,99 пайыз, су бұру желілері – 59,57 пайыз, жылумен жабдықтау желілері 55,67 пайызды  құрайды. Бұл мәселелер туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Ақмола облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Думан Қалибеков мәлімдеді.

–Бағдарламаның негізгі міндеті электрмен, ауыз сумен және жылумен жабдықтау салаларындағы желілердің тозуын кем дегенде 15 пайызға төмендету. Бұл апаттар мен ажыратулар санын азайтуға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді, – деп сендірді басшы.

–Осыған байланысты, ҚР-інің қолданыстағы «Табиғи монополиялар туралы» Заңына және №90 тарифтерді қалыптастыру ережелеріне өзгерістер пакеті дайындалды. Бұл өзгеріс табиғи монополиялар субъектілерінің теңгеріміне иесіз желілерді пайдалануға және кеткен шығындарды тарифке қосуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер етеді, апаттар мен ажыратулар санын азайтады. Сондай-ақ, бұл ретте, өңірдегі  экономикалық қызмет түрлері бойынша бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысын өзгерту көзделген, – деді әрі қарай Думан Қалибеков.

Бұл өзгерістер жұмыс істейтін мамандардың жалақысының өсуіне септігін тигізіп, көрсетілетін қызметтердің сапасына оң әсер етеді. Желілерді күрделі жөндеуге арналған шығындарды қосу жолымен инвестициялық бағдарламаларды өзгерту негіздері жеке көзделген.

–Сонымен қатар, тариф деңгейі табиғи монополиялар субъектілері беретін өтінімге байланысты болады, ол жұртшылықты тарта отырып, мұқият қаралады. Әзірге деңгейі белгісіз, бірақ, бір реттік емес, кезең-кезеңге бөлінетін болады. Бұдан басқа, тұтынушылардың салған қаражатын бақылау қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетіледі. Мәселен, департамент қолданыстағы заңнаманың «әлеуметтік халық» тұтынушыларының жаңа тобын қосу бөлігіне өзгерістер енгізу туралы ұсынысын жолдады, – деп түсіндірді Думан Қалибеков.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Светлана Бейсенова бүгінгі күні тарифті тежеу мақсатында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың тарифтік сметаларында отын (мазут, көмір) сатып алуға бюджеттік субсидиялар көзделгенін айтты. Жыл сайын басқарма арқылы облыстың 3 кәсіпорнына қысқы жылу маусымына жеңілдікпен мазут сатып алуға бюджет қаражаты бөлінеді. Сонымен қатар, осы маусымға дайындық жұмыстарын жүргізуге де қаражат қарастырылады. Тарифтің көтерілуі, жоғарыда айтылғандай, желілердің тозуын ескере отырып, жеке тәртіппен және кезең-кезеңімен, халық арасында әлеуметтік шиеленіске жол берілмейтіндей етіліп қаралатын болады.

Камила Әбделманова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар