«Достар» мәдениет сарайында Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Шарапұлы Әлиевтің 80 жасқа толуына арналған және еңбек адамының мәртебесін арттыру, ғылыми-көркем әдебиетті насихаттау мақсатында «Елі ардақтаған азамат»атты кездесу болып өтті.
Мәдени шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының және Застанционный қалалық үлгілі кітапханасының«Еңбек – елдің мұраты» жобасы аясында Көкшетау қаласының әкімдігі, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі,қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің қолдауымен ұйымдастырылды. Кездесуді ақын, журналист, қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Серік Жетпісқалиев жүргізіп отырды. Алдымен, көп жылдар бойы еліміздің көркеюіне белсенді ат салысып кележатқан өз Отанының шын патриоты, Көкшетау қаласы мен Зеренді ауданының құрметті азаматы Шияп ағамыздың еңбек жолы сөз болды. Кешті жүргізуші Шияп Шарапұлына арнап өз өлеңін оқыды.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдерінен Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарыАзамат Ысқақов, Ақмола облысының құрметті азаматыБолат Жанәділов,қоғам қайраткері, драматург-жазушы Жабал Ерғалиев, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Тельман Мұқышев, Социалистік Еңбек Ері Есілбай Қадыралин, «Бұқпа!» газетінің директоры Қайыргелді Әкімбеков,Ақмола облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлегұл, мемлекеттік қызмет ардагері Сәбит Шағыров, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Ақмола облысы бойынша меншікті тілшісі Байқал Байәділов, «Ақбұлақ-Родник» клубының жетекшісі Валентина Соломина, «Бұқпа!» газетінің бас редакторы және «Ел бірлігі» бірлестігінің төрағасы Бақыт Смағұл, еңбек ардагері Мағауия Рахымбергенов, Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Күнім Оразбаева, Ақмола жол бөлімшесінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Сүлейменов қатысты. Сонымен бірге туған-туысқандары, қарындастары қатысып, сөз сөйлеген азаматтар Шияп Шарапұлының азаматтық, іскерлік қасиеттерін, кісілік ер мінезін, ел алдында сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.Іс-шарада «Достар» мәдениет сарайының көркемөнерпаздары көрермендерді әсем әнмен тербетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Зейнеткерлер, кітапхана оқырмандары кеш қонағына сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Кездесу барысында Шияп Шарапұлыныңеңбек жолына арналған «Еңбек майталманы» аттыкітап көрмесі де оқырмандаркөңілінен шықты.
Еңбек адамын құрметтей білу бұл – адамның бойындағы адамгершілік құндылықтарға бас ию. Әрдайым сенім артуға болатын, уәдесіне берік адамды бәрі құрмет тұтатынын осы бір мазмұнды кеш те жақсы көрсетіп берді.
Қарлығаин НӘКЕШЕВА,
Көкшетау қалалық Застанционный кітапханасының меңгерушісі.