Мұз үстінде байқап жүріңіз

Қысқы балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларына баса мән беру керек. Сақтықта қорлық жоқ. Балық аулау үшін мұздың қалыңдығы кемінде 7-10 сантиметр болуы керек. Егер көп адам болса, онда 15 сантиметрден қалың болғаны абзал.

Мұз бетіне автокөлікпен шығатындар да бар. Автокөлікпен жүру үшін кемінде қалыңдығы 30 сантиметрден аз болмауы керек. Мұздың қалыңдығы мен беріктігін қарап та анықтауға болады. Көк түсті болса, онда берік болғаны. Ақ немесе күңгірт ақ, сарғыш түсті болса, мұздан аулақ жүрген жөн. Мұндай мұз қауіпті болып келеді. Мұздағы немесе қар астындағы терең жарықтардан сақтану керек. Күн жылып, ери бастаса, болмаса жаңбыр жауса мұз бетіне шықпаған дұрыс. Мұны айтып жатқанымыз, көктем айына да көп қалған жоқ. Бір-біріне жақын бірнеше ойық жасауға болмайды. Бұл мұздың беріктігін азайтады. Мұз бетіне от жағып, қоқыс қалдықтарын қалдыруға болмайды. Сондай-ақ, ауыр заттарды алып жүруге арнайы шана болғаны да дұрыс. Бұл мұзға бірден салмақ түсірмейді.

Егер Сізге мұз үстінде қиындық туындаса және көмек қажет болса, құтқару қызметінің «112» телефон нөміріне хабарласыңыз. Қыс мезгілінде балық аулаудың өз қызығы бар. Мұны балықшылар жақсы біледі. Сондықтан да, жыл сайын маусымның ашылуын асыға күтеді. Бұл дұрыс қой. Бірақ, балық аулаймын деп біз ескерткен жағдайларға тап болмау үшін мұзда да сақтық керек.

Көкшетау қалалық төтенше жағдайлар басқармасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар