Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды

23 қаңтарданбастап шетелдік автокөліктерді заңдастыру жүргізілуде. Бұл ретте, ақмолалық жүргізушілер нені білулері керек?

Елімізге сырттан әкелген шетелдік көліктерге жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер, басқаруы оң жақ рульді автокөліктер жатады.

Заңдастыру үшін талап етілетін ережелер:

–  Автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек;

– Криминалдық есепте болмауы керек;

– Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс;

– Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі қажет.

Шетелдік көліктерді заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Өтінім беру жолдары:

– е-gov.kz электронды үкімет порталы арқылы;

– деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы;

– ХҚКО-ның «Өз-өзіне қызмет көрсету секторы» арқылы.

Автокөлікті заңдастыру үшін қажет құжаттар:

–  Өтінім;

–  Өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат;

–  Көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік;

– Көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат. Нәтижесі арнайы базаға тіркеледі және көлік иесінің телефонына 1414 нөмірінен SMS жіберіледі. Онда қабылданған шешім нақтыжазылады.

Қанша мемлекеттік алымдар төленеді?

– Алғашқы тіркеу үшін – 200 мың теңге;

– Техпаспорт үшін мемлекеттік БАЖ – 4313 теңге;

– Мемлекеттік нөмір – 9 660 теңге.

Одан соң көлік иесі шетелдік техпаспорт, меншік құқығын растайтын құжатты ХҚКО мамандарына тапсырады.

Тіркеу бекітілгеннен кейінавтокөлік иесіне ҚР тіркеу құжаты, мемлекеттік нөмір беріледі.

Шетелдік көлік иелері утиль алымнан босатылады.

Сондай-ақ, шетелдік көліктерді заңдастыруға көмек көрсететін сall-орталықтар іске қосылды. Барлық өңір бойынша телефонды осы жерден алуға болады. Айта кетсек, сall-орталықтан бөлек, шетелдік көлікті заңдастыру бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында мамандар кеңесі ұсынылды.

Уақытылы заңдастырылмаған көліктердің сақтандыру полисі тоқтатылады. Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы  Ержан Біржанұлы Қошкарбаев:

– Шетелдік автомобильді талап бойынша тіркемеген жағдайда заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Еліміздегі шетелдік көліктердің көбі сақтандыру полисі негізінде қолданылып жүр. Егер көлікті белгіленген уақытта заңдастырмаса, сақтандыру полисі тоқтатылып, көлік коммуналдық автотұраққа қойылады, – деді.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар