Бизнесті қорғау – Антикордың тұрақты бақылауында

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде адал бизнесті мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз араласудан қорғау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тұрақты бақылауында болады.

Ағымдағы жылы Агенттік кәсіпкерлерге практикалық көмек көрсетуге және бизнестің дамуына кедергі келтіретін жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталған бизнесті қорғау жобасын іске асыруда.

Осы тұрғыда Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ШОБ, бизнес-қауымдастықтар, «Атамекен» ӨКП, мемлекеттік органдар, қоғамдық кеңес өкілдерінен тұратын өңірлік жұмыс тобын құрды.

Бизнес-қоғамдастықты толғандыратын өзекті мәселелер бойынша ашық және сындарлы талқылаулар өткізу жоспарлануда. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтер жүргізу арқылы сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің себептері мен заңнамалық олқылықтары анықталатын болады. Кәсіпкерлердің мемлекеттік органдар мен соттарға жолдаған өтініштерін талдауға ерекше назар аударылатын болады. Сонымен қатар, шенеуніктердің адал бизнесті дамытуға әдейі кедергілер тудыруына байланысты сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және жолын кесу жөніндегі шаралар күшейтілетін болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өңір кәсіпкерлерін ашық диалог пен сындарлы өзара іс-қимылға шақырады.
Бизнес субъектілерінің пікірлері мен ұсыныстарын қабылдауға арналған anticorruption1494@mail.ru электрондық поштасы, сондай-ақ 8 (7162) 29-66-24 байланыс телефоны жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Департамент басшылығы күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін азаматтардың әрқайсысын тыңдауға және нақты мәселелерді шешуге көмектесуге дайын.
Департамент мекенжайы: Көкшетау қаласы, Назарбаев даңғылы, 71.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар