Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балаға отбасы жылуы керек, пилоттық жоба осыны көздейді - АРҚА АЖАРЫ

Балаға отбасы жылуы керек, пилоттық жоба осыны көздейді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде  Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенованың қатысуымен  баспасөз мәслихаты болып өтті.  Жиын барысында Ақмола облысында кәсіби патронаттық отбасы, яғни, фостерлік пилоттық жобаның іске қосылғандығы айтылып, оның артықшылығы әңгіме өзегіне айналды.

–Республикалық деректер банкінің мәліметі бойынша облысымызда қазіргі уақытта 1525 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұрады. Осы тәрбиеленушілерді отбасыларға беруге бағытталған жұмысты жүргізу нәтижесінде 2014 жылдан бастап облыста 5 ұйым жабылды. Сондай-ақ, 2022 жылы интернаттық мекемелерді трансформациялау бойынша эксперименттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде Ақкөл балалар үйі Ақкөл қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы болып қайта құрылды.Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін мекемелерді қысқарту жөніндегі бірлескен жұмысымыздың жалғасы болатын кәсіби қабылдау (фостерлік) отбасыларының пилоттық жобасын Ақмола облысы бірінші болып енгізді, – деді басқарма басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова.

Спикердің айтуынша, 2022 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті мен Ақмола облысының әкімдігі арасында «Ана үйі» қоғамдық қоры осы пилоттық жобаны іске асыру бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойған. Бұл жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерді қысқарту бойынша бірлескен жұмыстың жалғасы болып табылады.

Кәсіби патронаттық отбасы (фостерлік отбасы) –  объективті себептерге байланысты баланы қорғаншылыққа, патронатқа орналастыру немесе асырап алуға беру мүмкін болмаған жағдайларда қолданылатын отбасына орналастырудың балама түрі. Бұл қиын өмірлік жағдайға тап болған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы тәрбиелеугемемлекет келісім-шарт жасайтын кәсіби жалдамалы отбасы.

– Осы пилотты  жобаны іске асыру аясында үміткер отбасылар арнайы дайындықтан өтіп, педагогика мен психология бойынша базалық білім алады. Жоба аясында отбасылар мен балалар кәсіби, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік және құқықтық көмек қызметтермен қамтылады. Барлық қызметтер тегін ұсынылады. Бұл отбасыларда балалардың болу ұзақтығына байланысты отбасылардың бірнеше түрі болады деп болжануда.  Жобаның басты шарттарының бірі қамқорлыққа алған балаларды, оның ішінде бауырлар мен әпкелерді ажыратуға жол берілмейді. Жоба кезең кезеңімен іске асырылатын болады.

Қазіргі уақытта қорғаншылық және қамқоршылық органдарының алдын ала деректері бойынша облыста фостерлік отбасыларына 17 үміткер отбасы тұрады. Оның ішінде 12 ата-ананың педагогикалық білімі бар, олар қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды өз отбасыларына қабылдауды жоспарлап отыр, оның біреуі Ақкөл қаласының ПДО қызметкері.

Кәсіби асырап алушы отбасында баланы тәрбиелегені үшін орташа жалақы әрбір асырап алушы кәсіби тәрбиешіге «Азаматтық қызметшілерге, ұйымдар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің білім беру саласы санатынсыз (В4-4) біліктілігі орта деңгейдегі негізгі персоналдың лауазымдық жалақысының мөлшерін есептеу негізінде жүргізілетін болады.

Бүгінгі күні қорғаншылық және қамқоршылық органының мамандары аталмыш органға кандидаттардың тізімін қалыптастырды, қолдау орталықтары жанындағы асырап алушы ата-аналар мектебінде кандидаттарды оқытудан өту кестесін жасады. Сондай-ақ, 20 қаңтарда Көкшетау қаласында білім бөлімдерінің қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандарын, кәсіптік қабылдаушы отбасыларға кандидаттарды, Ақкөл қаласы мен Сандықтау ауылының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтарының психологтары мен әлеуметтік педагогтарын шақырып,  кездесу өткізілді.

Брифинг соңында журналистер көкейтесті сұрақтар қойып, оларға тұшымды жауаптар ала алды.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар