Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шетелдік көліктерді тіркеу жалғасуда - АРҚА АЖАРЫ

Шетелдік көліктерді тіркеу жалғасуда

23 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру науқаны басталды. Аталмыш іс-шара 1 шілдеге дейін жалғасады. Осыған байланысты, біздің тілшіміз Ақмола облысының халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) осы автокөліктерді заңдастыру процесі қалай өтіп жатқандығына зер салып еді.

– Қазіргі уақытта ХҚКО-ға шет елден әкелінген көлік иелері көп келуде. Автокөліктер 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелініп, есептен шығарылып, кедендік тазартудан өтуі әрі басқа елдерде іздеуде болмауы тиіс. Бүгінгі таңда Ақмола облысы бойынша 23 арнайы ХҚКО осы бағытта жұмыс істеуде. Жалпы, бүгінгі күнге дейін көлікті заңдастыруға 137 өтінім келіп түсті. Мен уақытша есепте тұрған көлік иелерінің кез-келгені қазақстандық есепке алу мақсатында көлікті тіркеуге қою үшін ХҚКО-ға жүгіне алатынын жеткізгім келеді. Анығын айтсақ, сары нөмірден ақ нөмірге көшу үшін олар осы көліктің тіркеуге жататындығын онлайн режимінде тексергені жөн. Бұдан соң оларды уақытша есептен шығарып, қазақстандық тұрақты есепке алады, – деді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ержан Қошқарбаев.

Бұл  ретте утиль алымы үшін 200 мың теңге, ал, мемлекеттік нөмір және көлік құралын тіркеу үшін 14 мың теңге төлеу қажет. Сондай-ақ,  Ержан  Қошқарбаев  Көкшетау  қаласында  өтінімдердің қалай  қабылданып  жатқандығы  жөнінде  айтты.

– Бізде 137 өтінім өңделуде, бірақ, кейде бас тартулар да кездеседі. Кеден қызметі оларды базасы бойынша  тексереді, сондай-ақ, кедендік тазарту бойынша проблемалар жоқ екенін көрсетеді. Осыған сәйкес, біз тізімдерді жинақтаймыз да, оларды әкімшілік полиция комитетіне жібереміз. Әрі қарай олар түзету жасап, көлік иелерінің телефон нөмірлерімен екі күн ішінде оларға қоңырау шалып, көлікті тіркеуге шақырады, – деді ол.

Көкшетау қаласының тұрғыны Руслан Мұқанбаев та өз көлігін Қазақстанда заңдастырудың қолайлылығы жөнінде айтып берді. Оның айтуынша, көлігін Армениядан сатып алып,  біздің елімізде армян нөмірлерімен жүрген. Қазіргі уақытта оның көлігі заңдастырудан ойдағыдай өтті.

– Бір кездері бұл көлікті сатып әкелгеннен кейін солай   жүре бастадым. Бірақ, уақыты келгенде сары нөмірлерді алдық. Енді міне, Үкімет қаулысына сәйкес, сары нөмірлерден ақ нөмірге көшуді қолға алып жатырмыз. Бүгін ХҚКО-ға келдім және өзімнің көлігімді 20-30 минутта заңдастырдым, – дейді ол қуанышты жүзбен.

Облысымызда заңдастырудан өтуі тиіс Ресей Федерациясынан әкелінген көліктер де ағыл-тегіл. Тіркеу кезінде қиындықтар туындамас үшін тіпті, ХҚКО-ға барудың да қажеті жоқ. Электрондық үкімет порталы мен екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы да тіркелуге болады. Егер бас тарту жағдайы болса, көлік иелері арнайы ХҚКО-ға  жүгіне алады және осы орайда кеден қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, мәселені шешетін болады.

                                                                                Ілияс ӘУБӘКІРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар