Көктем жақын! Су тасқыны қауіпі алаңдатады

Ақмола облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қайрат Қасым, «Қазгидромет» агенттігінің облыстық филиалының директоры Бақыт Мақажанова және Су ресурстарын қорғауды реттеу және пайдалану жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы бастығының орынбасары Гүлден Ысмағұлова «2023 жылдың су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша қабылданып жатқан шаралар» туралы баяндап берді.

Облыста алдағы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық белсенді түрде жүргізілуде. Өткен жылдың жазғы-күзгі кезеңінде елді мекендерді инженерлік қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес облыс аумағында 65 елді мекенде, яғни, 15 ауданда және 3 қалада су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізілген. Нәтижесінде бес шақырымнан астам өзен арналары тазартылып, 24 шақырым су бұру арналарыжабдықталған, алты шақырымжағалаулар мен бөгеттер орнатылып, нығайтылған, 34 су өткізгіш құбырлар жабдықталып, Жабай өзенінің 100 метрлікарнасын түзету бойынша жұмыстар атқарылған.

Инженерлік қорғау жоспарларының іс-шараларын жыл сайын орындау су тасқыны көріністерінің су басу қаупін 128 елді мекеннен 113-ке, яғни, 88 пайызға азайтуға мүмкіндік берген.Өткен жылмен салыстырғанда 2023 жылға арналған резерв облыстық бюджетте 15,5 пайызға, облыстың қалалары мен аудандарының бюджеттерінде мекендерден қар шығаруға 28 пайызға, облыстың 9 ауданында жарылыс жұмыстарын жүргізуге 20пайызға артық жоспарланған.

Ағымдағы жылы тұрғын үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында жергілікті атқарушы органдар елді мекендерден 90,3 мың текше метр қар шығарған. Су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою үшін 154 тонна жанар-жағармай, 15,6 мың тонна инертті материалдар, 63,2 мың қапшықтар көлемінде қорлар дайындалған. Сондай-ақ, хабарламашылардың айтуынша, өзендердің қауіпті учаскелеріндегі судың жай-күйі мен деңгейіне мониторинг жүргізу үшін 92 қосымша бақылау бекетінің тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыру жоспарлануда. Азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайға дайындығына көз жеткізу үшін ағымдағы жылдың ақпан айында «Көктем-2023» шеңберінде күштер мен құралдардың дайындығы тексерілетін болады.

2020 жылдың қазан айында Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыЦелиноград ауданының Р.Қошқарбаев ауылында Нұра өзені жағалауын нығайту жұмыстарын жүргізу іс-шаралары бойынша жергілікті бюджет есебінен оң қорытындымен жобалау-сметалық құжаттама әзірлеген. Өткен жылғы қыркүйекте облыс әкімдігі ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне бюджеттік өтінімді қайта берді. Бүгінгі таңда министрлік Су ресурстары комитетінің мәліметтері бойынша ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 269 миллион теңге бөлуді жоспарлауда.

«Табиғатты қорғау іс-шаралары» бағдарламасына сәйкес Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы 2021-2026 жылдар аралығында Көкшетау қаласының шекарасында Қылшақты өзенін кезең-кезеңіменабаттандыруды және тазалауды жоспарлады. 2023 жылы өзен арнасын тазарту және Ғабдуллин көшесінен Сүлейменов көшесіне дейінгі жағалауды абаттандыру жобасын іске асыру жоспарланған, оған жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген. Алдағы уақытта 2023-2026 жылдар аралығында қалған учаскелер бойынша Сүлейменов көшесінен Абай көшесіне дейін, Абай көшесінен Әшімов көшесіне дейін, Әшімов көшесінен автомобиль көпіріне дейін өзен арнасын тазарту бойыншажобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жәнеинженерлік жұмыстарды жүргізу жоспарланған.

Сонымен қатар, Атбасар қаласында 2021 жылдың тамыз айынан бастап Жабай өзенінің су тасқыны қаупі бар жағалау аймағында орналасқан үйлерденқала тұрғындарын көшіру үшін жүз пәтерлі екі үй құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта мердігер ұйым үйлердің шатырын орнату, қабырғалардың ішкі безендірілуі және тағы басқа жұмыстар жүргізілуде. Құрылыстың уақытылы тапсырылмауына құрылыс материалдарының қымбаттауы мен мердігер ұйымның шарттық міндеттемелерін орындамауы себеп болды. Осыған байланысты, Атбасар ауданының әкімдігі мердігер ұйымды үйлердің құрылысын аяқтауға мәжбүрлеу, өсімпұл өндіріп алу және мемлекеттік сатып алуды жосықсыз жеткізуші деп тану туралыАқмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотынаталап арыз жолданған.

Жыл сайын көктемде Колутон өзенінде қардың қарқынды еруі және су деңгейінің жоғарылауы салдарынан Ягодное ауылынан жергілікті маңызы бар автожол арқылы су тасқыны пайда болады, мұнда Жаңа Колутон ауылы арқылы қосымша жол бар. Айта кету керек, Ягодное ауылының географиялық орналасуына байланысты кез-келген инженерлік іс-шаралар, атап айтқанда көпір салу немесе су өткізгіш құрылыстарды орналастыра отырып, жол төсемінің деңгейін арттыру экономикалық тұрғыдан мүмкін емес. Хабарламашылардың айтуынша, жыл сайын су тасқыны басталғанға дейін Колутон өзені арнасының екі учаскесінде мұзды қопсыту және ұсақтау бойынша жарылыс жұмыстары және ауыр науқастар мен жүкті әйелдерді эвакуациялау, алғашқы қажеттіліктегі тауарлар, азық-түлік, дәрі-дәрмек тағы басқаларын тасымалдау жұмыстары жүргізіледі.

Жалпы, су тасқынына дайындық бойынша жоспарланған жұмыстар жалғаса түсуде. Тасқын суларды апатсыз өткізу бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар