Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«НОВОПЭК» компаниясы: бос жұмыс орындар жәрмеңкесі - АРҚА АЖАРЫ

«НОВОПЭК» компаниясы: бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Жастар-ресурстық орталығы «НОВОПЭК» компаниясының базасында бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді. Іс-шараға өңірдегі 5 оқу орнынан  3-4 курс студенттері, жастар арасынан жұмыс іздеушілер, БАҚ өкілдері мен компания қызметкерлері қатысты.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің негізгі мақсаты жастарды жұмысқа орналастыру және оларға тиімді мүмкіндіктерді қарастыру болып табылады. Аталған шарада электрик, дәнекерлеуші, механик  мамандықтары ұсынылды. Қазіргі уақытта кәсіпорынның өндіріс көлемі кеңейіп, қосымша 100 жұмыс орны құрылды. Осыған байланысты, техникалық мамандар тапшылығы анық байқалады.

Мұндай жәрмеңке техникалық мамандықтардың әлеуетін арттыру мақсатында өткізіліп отыр. Аталған саланы таңдаймын деушілерге үлкен жеңілдіктер қарастырылды. Студенттерге полиэтилен қапшық дайындайтын серіктестік жұмысы таныстырылды. Кәсіпорын қызметкерлері эксурсия жүргізіп қана қоймай, жұмысшыларға қандай жағдай қарастырылғанын атап өтті.

− Бүгінде біз өз қызметкерлерімізді тегін баспанамен қамтамасыз етеміз. Әлеуметтік қолдау үнемі көрсетіліп тұрады. Тіпті, техникалық білімі болмаса да, біз осындағы орталықта оқытамыз. Жоғары білім алуына жәрдемдесеміз. Міне, осы мүмкіндіктерді жәрмеңкеге қатысушыларға түсіндіріп,бірлесе жұмыс істеуге шақырғымыз келеді, − деді серіктестік директорының орынбасары Омар Шоназаров.

− Шара өте қызу өтті десек, қателеспеген болармын. Себебі қатысушылардың көбі аталған компания жөнінде толықтай мәлімет алып, көкейлеріндегі сұрақтарын еркін қойып, жұмысқа орналасуға бір қадам ілгері басқандары байқалады. Әрқайсысы компания жайында ақпарат алғаннан кейін экскурсия жүргізілді, − деді «NEET» санатындағы жастармен жұмыс жасау және кеңес беру бөлімнің басшысы Мақпал Жанарысова.

Жәрмеңкеге қатысушы студенттердің арасынан жұмыс іздеушілер де бар. Соның бірі, Арна колледжінің  3 курс студенті Әділ Тынышқұлов:

− Жәрмеңкеде осы зауыттың жұмыстарымен танысып, болашақта егер жақсы жұмыс табатын болсам, осында жұмысқа кіру деген ойым бар, – деді.

Алдағы уақытта, осындай жәрмеңкелер өңірдің барлық кәсіпорындарда өткізіледі. Іс-шара соңында «НОВОПЭК» компаниясының өкілдері болашақ мамандарды одан әрі жұмысқа орналастыру жайында дөңгелек үстел өткізді. Онда жастарды кәсіпорынға тарту мәселесі одан әрі талқыланып, осының тиімді тұстары әңгіме өзегіне айналды. Сөйтіп, бұл жәрмеңкеден екі жақ та өздеріне қолайлы мүмкіндіктер қарастырып, келешекте де жақсы үрдісті жалғастыру ниеті байқалды.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар