Жолдарды салу және жөндеу мәселелері талқыланды

«AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалында өңірлік даму мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Онда Ақмола облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Кулаков және «ҚазАвтоЖол «Ұлттық компаниясы» АҚ облыстық филиалының директорының орынбасары  Руслан Әбілов өткен жылдың жұмыс нәтижелері мен алда тұрған міндеттер жөнінде айтты.

Ақмола облысының жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 5 626 шақырым, оның ішінде облыстық маңызы бар жолдар 2 661, аудандық маңызы бар жолдар 2 965 шақырымды құрайды. 2022 жылы жергілікті маңызы бар автожолдарды салуға және жөндеуге 64,4 миллиард теңге бөлінді.

Осы қаражат аясында келесі бағдарламалар бойынша Астана қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары құрылып, Аршалы, Целиноград  және  Шортанды аудандарының 16 елді мекені жөндеумен  қамтылды. Сонымен қатар, облыстық маңызы бар автомобиль  жолдарын  салу және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған қарамастан, бірқатар проблемалық мәселелер сол күйінде қалды. Сегіз ауданда ұзындығы 15,3 шақырым асфальтбетон төсемінің құрылысы аяқталған жоқ. Сондай-ақ, ұлттық орталық аудандық маңызы бар жолдарда және елді мекендердің көше-жол желісінде 121 ақауды анықтады, оның 107-сі жойылмай отыр, – деп баяндады Владимир Кулаков.

Жағдайды шешу үшін ведомство басшысы биыл техникалық және авторлық қадағалаулармен, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауымен, сондай-ақ, жол активтері сапасының ұлттық орталығымен және мердігер ұйымдардың зертханаларымен бақылауды күшейтуді, конкурстық рәсімдерді уақытында жүргізуді ұсынды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылға 41,7 миллиард теңге қаражат аясында  облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және жөндеу, шет аймақтарды дамыту жоспарлануда. «ҚазАвтоЖол «Ұлттық компаниясы» АҚ облыстық филиалының директорының орынбасары Руслан Әбіловтың айтуынша, автожолдарды қысқы күтіп-ұстау бойынша жұмыстар жүргізілуде, атап айтқанда жолдардың жүру бөлігін тазалау, көктайғақ құбылыстарымен, қар үйінділерімен күресу, қосымша жол белгілерін қою, жолдардың қауіпті қарлы учаскелерін патрульдеу, қардан қорғау, сондай-ақ, көлік құралдарының өтуін қамтамасыз ету жоспарланып, іске асырылуда.

–Өңірде қыс мезгілінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін 197 мамандандырылған техника жұмылдырылды. Автожолды қысқы күтіп ұстауға дайындық бойынша жолдың беткейлері мен резервтерінде механикаландырылған тәсілмен шөп шабу, бұталарды кесу бойынша жұмыстар орындалды. «Астана-Ерейментау-Шідерті» жолында 10 шақырым қар ұстайтын темір жол қоршауларын орнату бойынша жұмыс жүргізілді, сондай-ақ осы жолда орташа жөндеу шеңберінде 12 шақырым қоршау жоспарлануда. Мереке күндері республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 21 учаскесінде көліктің барлық түрлеріне шектеу енгізілді, – деді ол.

Биыл  күрделі  жөндеумен  5, орташа және ағымдағы  25 нысанды қамту жоспарлануда. Отырыста Зеренді, Сандықтау аудандарының курорттық аймақтарында ақпараттық көрсеткіштердің болмауы да атап өтілді.  Жол белгілерін орнату кезінде бірыңғай стандарттарды  сақтау мен  бірқатар өңірлердегі жергілікті маңызы бар жолдарда басталған жөндеу жұмыстарын тоқтата тұру мәселелері ұсынылды. Сондай-ақ, бейнеконференция арқылы кездесуге қатысқан ауыл тұрғындары өздерінің шағымдары мен ұсыныстарын айтты. Олардың әрқайсысы кеңестің бақылауына алынды.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар