Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Қазақстанның Ата Заңымызда жазылғанындай, болашақта демократиялық, халқының алдында әлеуметтік жауапкершілігі жоғары мемлекеттер қатарына көтерілуі үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған саяси  реформаларды жеделдете жүргізу стратегиясына бүгінгі күнде балама жоқ деп санаймын.

Қазақстан қалыпты, халықтық мемлекетке айналуы үшін бұл үдерістің қалың бұқараның елдің саяси өміріне араласатындай мүмкіндіктері болуы керек.

Осы орайда, алдағы келе жатқан Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлауы елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаның қаншалықты нәтижелі екендігін көрсетуге тиісті. Сайлау үдерісіне жаңа саяси реформа талабына сай мажоритарлық принциптің енгізілуі Парламентке жаңа саяси тұлғалардың өтуіне, аймақтық, әлеуметтік өкілдіктердің Парламентте күшеюіне ықпал етуге тиісті. Саяси басқару жүйесінде Парламент мәртебесінің айтарлықтай көтерілуі де оң құбылыс деп айта аламыз. Ескі Қазақстан дәуірінен қордаланып қалған көптеген экономикалық, әлеуметтік проблемалардың шешілуін оңтайлы табудың бірден-бір жолы ол саяси реформаларды одан әрі тереңдете жүргізу деп білеміз.

Болашақта партиялар туралы жаңа заңға сәйкес, жаңа Парламенттік партиялар тіркеуден өтіп, елімізде саяси плюрализм одан әрі дами түседі деп сенеміз. Сондай-ақ, болашақта еліміздегі Президент сайлауында, ол саяси тұлғаның кемі 5 жыл мемлекеттік қызметтегі өтілі болуы керек деген Конституциялық және халықаралық демократиялық нормаларға сәйкес келмейтін, Ескі Қазақстаннан қалған мұра алынып тасталады деп ойлаймыз.

Қазақстанның қорғанысы мықты, экономикалық әлеуеті қуатты мемлекетке айналуы үшін оның азаматтарының білек күші ғана емес, тұтас ұлттың интеллектуалдық күш-қуаты қажет. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халық даналығы, Қазақстан қазіргі айналадағы күрделі геосаяси жағдайға байланысты тек қана басталған реформаларды шынайы түрде жүзеге асыру, яғни, елді өркендету жолымен жүруге тиісті.

Ғалымтай ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетiнің
оқытушысы, тарих ғылымдарының докторы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар