Антикор пенитенциарлық мекемелерде азаматтардың құқықтарының сақталуын бақылауды күшейтуге шақырды

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылығы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар ҚАЖД түзеу мекемелерінің бірінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша ҚР ҚПК-нің 200-бабының тәртібімен енгізілген ұсынысты қарады.

Осыған ұқсас құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін Департамент бағыныштылардың қызметіне басшылық тарапынан бақылауды күшейтуді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын және нормативтік-құқықтық актілердің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру бойынша семинарлар тұрақты негізде өткізуді, сондай-ақ жауапты адамды бекіте отырып, бейнебақылау жүйесімен қосымша жарақтандыруды белгілеуді ұсынды.

Өз сөзінде өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Арман Рахимов кездесуге қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы, оның ішінде қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізуге, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін тұлғалардың көтермелену жүйесіне, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтуге қатысты өзекті заңнамалық нормаларға түсінікетеме берді. Сонымен қатар, а.ж. қаңтарда қылмыстық процеске қатысатын тұлғаларды мемлекеттік қорғау саласындағы бірқатар заңнамалық түзетулер бекітілді.

Спикер атап өткендей, соңғы бірнеше жылда қылмыстық-құқықтық саладағы заңдылықты арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту бойынша бірқатар шаралар қабылданған болатын. Осыған қарамастан, бас бостандығынан айыру орындарындағы азаматтардың құқықтарын сақтау, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мәселелері бүгінгі күнге дейін өзекті және маңызды болып қала береді.

Осы тұрғыда тиісті бақылауды қамтамасыз ете отырып, пенитенциарлық жүйеде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде кешенді шаралар қабылдау қажет.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар