2022 жылғы желтоқсан айы үшін Ақмола облысының инфляция және қаржы нарығындағы ахуал туралы

Инфляция, базалық мөлшерлеме және алтын валюта резервтері.

Ақмола облысы Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2022 жылғы желтоқсанда облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2021 жылғы желтоқсан айына қарағанда 121,1 пайызды құрады, 2021 жылдың осы кезеңінде – 108,9 пайыз, республикалық мағынада тиісінше 120,3 пайыз және 108,4 пайызды құрады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 19,3 пайызға, азық-түлік тауарлары – 25,7 пайызға, ақылы қызмет көрсету тарифтері 16,1 пайызға қымбаттады.

2022 жылғы 6 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін базалық мөлшерлеме 16,75 пайызды құрайды.
Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда 1,2 пайызға өсіп, 90,8 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері – 35,1 миллиард АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері – 55,7 миллиард АҚШ долларын құрады.

Облыстың қаржы нарығындағы ахуал.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттары бар екінші деңгейдегі банктердің 12 филиалы және «Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалы бар.

Валюта нарығы. 2022 жылдың желтоқсан айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 467,74 теңгені, еуроға – 494,39 теңгені, ресей рубліне – 7,16 теңгені құрады.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ақмола облысында 66 айырбастау пункті, оның ішінде: 50 – банк филиалдарының, 8 – «Казпошта» АҚ-ның және 8 уәкілетті ұйымның 8 айырбастау пункті жұмыс істейді.

2022 жылғы желтоқсанда облыстағы айырбастау пункттері 11,5 миллион АҚШ долларын, 1,5 миллион еуро және 354,7 миллион ресей рублін сатты. 2021 жылғы желтоқсан айында – 19,3 миллион АҚШ доллары, 1,8 миллион еуро және 722,9 миллион ресей рублі сатылды.

Депозит нарығы. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банктердегі депозиттердің жалпы көлемі 305,0 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,9 пайызға өсті, өткен аймен салыстырғанда 7,4 пайызға өсті.
Депозиттердің жалпы көлеміндегі теңгемен салынған депозиттердің үлесі 87,7 пайызды құрайды.

Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 11,3 пайыз, шетел валютасы бойынша – 0,8 пайыз болып қалыптасты.

Облыс халқының жан басына шаққанда депозиттердің орташа мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 387,2 мың теңгені құрады.

Кредит нарығы. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 421,5 миллиард теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 31,8 пайызға, өткен аймен салыстырғанда 3,1 пайызға өсті (2022 жылғы 1 желтоқсанға – 409,0 миллиард теңге).

2022 жылғы желтоқсанда облыс банктерімен берілген кредит сомасы 2022 жылғы қараша айымен салыстырғанда 27,7 пайызға өсіп, 41,0 миллиард теңгені құрады.

2022 жылғы желтоқсан айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 18,7 пайызды құрады.

2022 жылғы желтоқсанда теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 99,0 пайыз болды.

Тұтынушылық кредиттер. Облыс халқының банктердің тұтынушылық несиелері бойынша берешегі 149,7 миллиард теңгені құрады. 2022 жылғы желтоқсан айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің мөлшері 2022 жылғы қараша айымен салыстырғанда 8,2 пайызға өсіп, 14 908,7 миллион теңгені құрады.

Ипотекалық кредиттер. Облыс халқының банктердің ипотекалық кредиттері бойынша берешек сомасы 134,9 миллиард теңгені құрады. 2022 жылғы желтоқсан айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 4 968,8 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы қараша айымен салыстырғанда 7,7 пайыз немесе 416,1 миллион теңгеге азайды.

Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2023 жылғы 1 қаңтарға 62,9 миллиард теңгені құрады. 2022 жылғы желтоқсан айында 8 700,2 миллион теңге мөлшерінде кредит берілді.

Бұл көрсеткіш 2022 жылғы қараша айымен салыстырғанда 19,9 пайызға өсті (2022 жылғы қарашада – 7 255,4 миллион теңге берілді). 2022 жылғы желтоқсанда орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 21,7 пайыз құрады.

Төлем карточкалар нарығы.

Облыс бойынша айналымдағы төлем карталарының саны 2023 жылғы
1 қаңтарға 1 427 мың бірлікті құрады (алдынғы аймен салыстырғанда
0,5 пайызға өсті), бұл республикалық көлемнің 2,2 пайызы.

2022 жылғы желтоқсан айында төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакциялар көлемі 205 188,5 миллион теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 18,2 пайызға өсті). Транзакциялар саны 13 498,5 мың транзакцияны құрап 14,4 пайызға азайды. Қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 14,3 пайызға өсіп, 12 720,5 мың транзакцияны құрады, сомасы 18,9 пайызға өсті (мөлшері 152 312,4 миллион теңгені құрады). Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 14,8 пайызға дейін өсті (транзакциялар саны 778,0 транзакцияны құрады), сомасы 16,3 пайызға өсті (мөлшері 52 876,1 мың теңгені құрады).

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі жалпы өңір бойынша мына түрде ұсынылған: 27 894 POS-терминал, 400 банкомат, 18 678 кәсіпкер; 25 736 сауда нүктелері.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

1 Эквайермен төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсету шартын жасаған кәсіпкерлер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар