Денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ақмола облысының тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің проблемалық мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңестің жұмысына облыстың медициналық ұйымдарының, облыстың денсаулық сақтау басқармасының, ӘМСҚ аумақтық ведомстволық бағынысты ұйымдарының, Ақмола облысының МФБКД басшылары қатысты.

Министр кеңес барысында скринингтік зерттеулер нәтижесінде ауруларды анықтаудың төмендігін атап өтті. Мәселен, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 29,4 пайызға төмендегенімен, бұл республикалық орташа көрсеткіштен 17 пайызға артық. Облыс бойынша қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіштері де орташа республикалық мәннен 34 пайызға асады. Облыста іс жүзінде әрбір үшінші онкологиялық науқас мамандандырылған емдеуді жүргізуде қиындықтар туындаған кезде асқынған немесе жалпыланған күйде тіркелген.

–Жоғарыда айтылғандар өңірдің денсаулық сақтау басқармасы тарапынан онкологиялық көмекті ұйымдастыру мен көрсетуді үйлестірудің жеткіліксіздігі, барлық медицина қызметкерлері мен жалпы облыс халқы арасында онкологиялық сақтандырудың төмендігі туралы айтады. Инсульттан болатын өлім-жітімді төмендету бөлігінде МСАК деңгейінде терапевтердің, пациенттерді диспансерлеу, инсульттің бастапқы және қайталама профилактикасы бойынша жалпы практика дәрігерлерінің әлсіз жұмысы байқалады, бұл үйдегі жоғары өлім-жітімнің себебі болып табылады. Стационардан шыққаннан кейін инсульт алған адамдарды диспансерлік есепке алумен толық қамтылмағаны байқалады,–деді Ажар Ғиният.

Ол сондай-ақ, облыс стационарларында кадрлармен қамтамасыз етудің бірқатар проблемаларын, әсіресе, кардиологиядағы бейінді мамандардың жетіспеушілігін, жүйелі тромболиздің төмен деңгейін және инфаркт науқастарына көмек көрсетудегі басқа да манипуляцияларды атап өтті.

Кеңес барысында өңірлік медициналық ұйымдармен медициналық көмекті қаржыландыру, дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, министр жергілікті денсаулық сақтау басқармасының алдына кадрлармен қамтамасыз ету, халықтың денсаулығын сақтау саласындағы көрсеткіштерді жақсарту,  Медициналық сақтандыру қорына жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, МӘМС жүйесінде халықты қамтуды арттыру жөніндегі жұмысты жандандыру, тағы басқа мәселелер бойынша бірқатар міндеттер қойды.

Кеңес соңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ахельбеков кадрлық қамтамасыз ету, жас мамандарды әлеуметтік қолдау, медициналық жоғары оқу орындарына түсу үшін бөлінетін гранттар бөлігінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Бұл ретте, ол министр көтерген денсаулық сақтау саласындағы барлық проблемалық мәселелерді шешу үшін жергілікті атқарушы органдар мен медициналық ұйымдардың өздері тарапынан барлық күш-жігер жұмсалатынын атап өтті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар