Бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссиялары депутаттыққа келесі кандидаттарды тіркеді:

№1 сайлау округі бойынша (Көкшетау қ.)

Мусин Манат Айтбайұлы – 1987 жылы туған, қазақ, «УК Строй» ЖШС директоры, өзін-өзі ұсыну бойынша, Көкшетау қаласында тұрады;

Елтаев Қуандық Қанатұлы – 1989 жылы туған, қазақ, «Елтаев К» ЖК директоры, өзін-өзі ұсыну бойынша, Көкшетау қаласында тұрады;

Қайырбек Бек Дүйсенбекұлы – 1994 жылы туған, қазақ, «GOLD Grain Group» ЖШС логистика бөлімінің менеджері, өзін-өзі ұсыну бойынша, Көкшетау қаласында тұрады.

 

№2 сайлау округі бойынша (Көкшетау қ.)

Сматаев Самат Мағауияұлы – 1985 жылы туған, қазақ, Көкшетау қаласы әкімдігі жанындағы «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК филиалының директоры, өзін-өзі ұсыну бойынша, Көкшетау қаласында тұрады;

Әшімова Әлия Мырзахметқызы – 1965 жылы туған, қазақ, «Көкшетау әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ директоры, өзін-өзі ұсыну бойынша, Көкшетау қаласында тұрады;

Асаров Мұрат Мұзарапұлы – 1965 жылы туған, қазақ, Ш.Уәлиханов Көкшетау университеті кәсіподағының төрағасы, өзін-өзі ұсыну бойынша, Көкшетау қаласында тұрады;

Жаров Нұрлан Қайырұлы – 1975 жылы туған, қазақ, «Көпбейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының ұсынуы бойынша, Көкшетау қаласында тұрады;

Нұрғалиева Айша Болатқызы – 1981 жылы туған, қазақ, «Мир Каратэ» ЖШС кекушинкай каратэ жаттықтырушысы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облысы өңірлік филиалының ұсынуы бойынша, Көкшетау қаласында тұрады.

№3 сайлау округі бойынша (Көкшетау қ.)

Ахат Нұртас Ахатұлы – 1961 жылы туған, қазақ, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры, өзін-өзі ұсыну бойынша, Көкшетау қаласында тұрады;

Молдиярова Асыл Нұрмағанбетқызы – 1965 жылы туған, қазақ, «Көкшетау қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры, өзін-өзі ұсыну бойынша, Көкшетау қаласында тұрады;

Оразбаева Күнім Әбдісалыққызы – 1976 жылы туған, қазақ, «Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы, өзін-өзі ұсыну бойынша, Көкшетау қаласында тұрады;

Плюснин Игорь Геннадьевич – 1977 жылы туған, орыс, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ директоры, өзін-өзі ұсыну бойынша, Көкшетау қаласында тұрады.

№4 сайлау округі бойынша (Көкшетау қ.)

Шаханова Әсемгүл Оралқызы – 1976 жылы туған, қазақ, «Көкше-МЖД» ЖШС директоры, өзін-өзі ұсыну бойынша, Көкшетау қаласында тұрады;

Айсин Нұрлан Кәрібайұлы – 1959 жылы туған, қазақ, «Көкшетау қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ директорының орынбасары, өзін-өзі ұсыну бойынша, Көкшетау қаласында тұрады;

Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы – 1972 жылы туған, қазақ, Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Bolashaq Saraiy» ШЖҚ МКК басшысы, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалынан ұсынылды, Көкшетау қаласында тұрады.

№5 сайлау округі бойынша (Степногорск қ.)

Қойшыбаев Марат Советұлы – 1961 жылы туған, қазақ, «Кәсіп Алтын Алмас» жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, өзін-өзі ұсыну бойынша, Степногорск қаласында тұрады.

№6 сайлау округі бойынша (Қосшы қ.)

Төребаев Айдын Бертісбайұлы – 1975 жылы туған, қазақ, Халықаралық ғылыми-техникалық орталығы атқарушы директорының орынбасары, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалынан ұсынылды, Қосшы қаласында тұрады.

№11 сайлау округі бойынша

(Аршалы, Ерейментау аудандары)

Әкімов Бекім Серікұлы – 1970 жылы туған, қазақ, «Нұр Аli-2011» ЖШС құрылтайшысы, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалынан ұсынылды, Ерейментау ауданының Күншалған ауылында тұрады.

№12 сайлау округі бойынша

(Зеренді, Сандықтау аудандары)

Оразалин Марат Амангелдіұлы – 1967 жылы туған, қазақ, «Байдалы-2 АШК» ЖШС директоры, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалынан ұсынылды, Сандықтау ауданының Веселое ауылында тұрады.

Әміржанов Асқар Сұлтанбекұлы – 1966 жылы туған, қазақ, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, өзін-өзі ұсыну бойынша, Көкшетау қаласында тұрады.

 

№ 13 сайлау округі бойынша (Атбасар ауданы)

Демченко Дмитрий Валерьевич  – 1985 жылы туған, украин, «Атбасар су» ШЖҚ МКК директоры, өзін-өзі ұсыну бойынша, Атбасар қаласында тұрады;

Есмағұлов Бауыржан Қалиасқарұлы – 1973 жылы туған, қазақ, «Аждар и К» ЖШС бас инженері, өзін-өзі ұсыну бойынша, Атбасар қаласында тұрады;

Саханов Ғалымхан Баниәшімұлы – 1965 жылы туған, қазақ, «Сепе-1» ЖШС директоры, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалынан ұсынылды, Атбасар ауданының Сепе ауылында тұрады.

№14 сайлау округі бойынша

(Есіл, Жарқайың, Жақсы аудандары)

Камышанский Владимир Валерьевич – 1971 жылы туған, орыс, «Татьяна и К» ШҚ басшысы, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалынан ұсынылды, Жарқайың ауданының Львовское ауылында тұрады.

№15 сайлау округі бойынша

(Астрахан, Егіндікөл, Қорғалжын аудандары)

Тәжин Нұрлан Есіркепұлы – 1963 жылы туған, қазақ, «Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясы» КММ директоры, өзін-өзі ұсыну бойынша, Қорғалжын ауданының Қорғалжын ауылында тұрады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар