Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сол отты күндердің жаңғырығы әлі естіледі - АРҚА АЖАРЫ

Сол отты күндердің жаңғырығы әлі естіледі

Отыз төрт жыл бұрын, 1989 жылы 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің соңғы колоннасы Ауғанстан шекарасынан өтті. 9 жылға созылған Ауған соғысы осылай аяқталды. Бұл күні ел ауғандықжауынгерлерге құрмет көрсетеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда ауған соғысының 16820 ардагері тұрады. Барлығы біздің тіпті, ең қорқынышты түсімізге кірмейтін жолдан өтті. Осыған орай, Ақмола облысының ауған соғысының ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жанатай Рамазанмен кездесіп, сұхбаттастық.

– Алдымен, өзіңіз жайлы бірер ауыз айтып берсеңіз. Шыққан ортаңыз, әскерге қалай алындыңыз?

– Ауған соғысына дейінқазіргі Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Ынталы деген ауылда туып-өстім. 1984 жылы мектеп бітірдім, 1985 жылы ДОСААФ-та оқыдым, онда әскерге үшінші дәрежелі жүргізушілерді даярлайтын еді.Кейін  әскерге шақырту алдым, мені20 «А» командасымен Қарағанды қаласына апарды. Сол қалада бір аптадай болдық. Жалпы, Ақмола облысынан  елу адам аттандық. Өзбекстанға бізді алып кету үшін арнайы адамдар келіп, Қарағанды-Ташкент пойызымен жол тарттық. Кейін таңғы сағат 6-да Термезге келдік.

Бір күні таңертеңгі сағат 5-те бізді дабылмен көтерді, сосын өзімізге бекітілген КамАЗ-дармен шекараға кеттік. Термез қаласында Ауғанстанның шекарасы өте анық  көрініп тұрады.  Шекара бақылауы кезең-кезеңмен өткізілді. Кейін бізді сол жерде екі жаққа бөліп тастады.  Тікұшақтарға отырып, Құндыз қаласына келдік. Сол жерде бір күн жаттықтық та, таңертең  тағы  Баграм қаласына ұштық. Өңірдегі әуежайда бізді өзіміздің автомобильді батальон күтіп тұрды. Мен ауған жерінде осы батальонның қатарында екі жылдай қызмет атқардым.

Соғыс кезінде қандай тапсырмаларды орындадыңыздар?

– Біз соғыста көліктен шығып, соғыспайтынбыз. Біздің мақсатымыз Баграмнан Кабулға, кейін Газниге көліктермен аман-есен өтіп кетіп,  сол жерде ештеңеге ұрынбай жүгімізді және жанар-жағар майды тапсыру болатын. Жалпы, Ауғанстанның бес қаласына жанармай тасыдық.  Бір ротада 85 машина болды. Төрт ротаның біреуі ғана дизель отынын тасыды. Өзім Ауғанстанның Баграм қаласында екі жыл болдым. Әрине, алғашында қиын болды, бірақ, үйреніп,шыңдалып, қызметтік-жауынгерлік міндеттерді ойдағыдай орындадық. Бірақ, бізде қауіпті сәттер де көп болды.  Көлік жанып жатса, алды-артыңа қарамай жүре бересің, өйткені, өзің тоқтап қалсаң, артыңдағы көліктер де тоқтап, жүкті жеткізе алмай қалуың мүмкін. Оның үстіне тоқтадың екен, дұшпандардың шабуылынан сен де жанған көліктердің кебін киесің.

Жергілікті тұрғындармен қарым-қатынастарыңыз қандай болды?

– Әрине, ауған халқымен сөйлесіп жүрдік. Адамдарымен танысқаннан кейін, ең бастысы олар бізді  алдамады. Көбінде кеңес әскеріне көмектескен тұрғындардың өздері болатын. Кабулда адамдар бізбен орыс тілінде сөйлесті. Арнайы мектептерде тілді оқып, тез меңгеріп алғандар екен. Менің өзім орыс тілін аз білетінмін. Қазіргі уақытта, көріп отырғанымыздай, АҚШ әскері басып кіргеннен кейін ағылшын тілін де жетік меңгеріп алған көрінеді. Олар не болса да, қолдарынан қаруды тастамайды. Кез-келген уақытта, қауіп төнсе, атысуға дайын тұрады. Тұрғындар саған мұсылмансың ба деп сұрақ қойса, сен мұсылманмын деп жауап берсең, саған үнемі жәрдемдесіп тұрады.

– Соғыста алған марапаттарыңыз бар ма? Бар болса, қандай еңбегіңіз үшін алдыңыз?

– «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі және КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының грамотасы, «Батыр шапағаты» медалі, тағы бірқатар марапаттарым бар. Мен өзім полиция зейнеткерімін. Облыстық полиция департаментінде жұмыс істедім. Қазір әскери техникалық мектепте тәрбиеші болып істеймін.

–Сіздің ойыңызша, ауған жерінен Кеңес Одағының әскерін шығару жөніндегі Михаил Горбачевтің шешімі болмаса, ауған соғысы 1989 жылдан кейін де жалғасушы ма еді?

– Меніңше, жалғасушы еді.  Бірақ, ойлаймын басқаша болар еді деп. Қазір енді бәрін салыстырамыз ғой. Біздің кеңес әскері  Ауғанстанда мектептер де салды, 1986 жылы құрылыс батальоны өзінің жұмыстарын аяқтап кетті. Олар жалғыз мектептер емес, ауруханалар мен үйлерді де тұрғызды. Кеңес әскері Ауғанстан халқының бейбіт болашағын қамтамасыз ете алар еді деп ойлаймын. Дегенмен де, сұрапыл соғыстың әкелген қасіреті зор болды. Талай батырларымыздан айырылдық. Бұл соғыстың одан әрі жалғасуы сол кездегі Кеңес Одағының халқына үлкен зиянын тигізді. Ауған соғысының ардагерлері қоғамдағы алауыздық пен қарсылықтың Ауғанстандағы халыққа таусылмайтын қасірет, қайғы, шығын мен жоқшылық әкелгенін көрді. Біз мұнда шақырылмаған қонақтар, яғни, ауғандардың бір бөлігі түсінбейтін және ұнатпайтын адамдар болдық.

– Ауған соғысы КСРО-ның ыдырауының ең басты бір себебі деп айтылады. Сіз бұған не дейсіз?

Кеңес Одағы кеткен соң, Америка әскері Ауғанстанға басып кірді. Менің ойымша,бұл соғыстың шығыны да көп қой. Мүмкін, осы себептен де Кеңес Одағы ыдыраған болар. Экономиканың кері кетуіне байланысты және адам шығыны көп болған соң, Ауғанстан жерінен кеңес әскерін шығару да ең дұрыс шешім деп ойлаймын. КСРО-ның ыдырауы күрделі ішкі процестерді туындатты. Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан жеңіссіз шыққаны да Кеңес Одағының ыдырауына себеп болды. Менің ойымша, біз көп нәрсеге қол жеткізе алмадық.Жалпы, американдықтарға қарағанда, кеңес әскері ол елге көп жақсылық жасады. Себебі, дұшпандар соғыс уақытында үйлерді, ғимараттарды қиратып, адамдардың өміріне қауіп төндірді. Ал, біздің әскер жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігіне аса мән берді. Қарсыластар антисоветтік үгіт-насихат жүргізгеніне қарамастан, біздің жауынгерлердің жергілікті халыққа деген қарым-қатынасы мейірім мен құрмет рәуішінде болды. Соғыс барысында Ауғанстан әскери бөлімшелері бізден көп көмек көрді, біздер де ауғандықтарға жүгінгенде әрдайым медициналық көмек көрсетті. Біздің әскерлер ашыққан ауған балаларын тамақтандырды. Егін жинауға, әлеуметтік маңызы бар нысандарды салуға көмектескен жағдайлар болды.

– Бүгінгі таңда Ақмола облысындағы ауған соғысының ардагерлер кеңесінің рөлі қандай? Өскелең ұрпаққа айтатын лебізіңіз бар ма?

– Біздің ұйым көбіне-көп патриоттық сезімді насихаттауда үлкен рөл атқарады. Мектептерге барып, оқушылардың өз еліне деген сүйінспеншілігін арттыру, ерлікті бағалау мақсатында кездесулер ұйымдастырамыз. Оларға соғыстың ауыртпашылығын айтамыз. Жастардың көбі білімді, намаз оқиды. Мысалы, өткен аптада біз М.Ғабдуллин атындағы  №3 Көкшетау көптілді мектеп-гимназиясына барып, 10-11 сынып оқушыларымен кездесіп, әр тақырыпта пікірталас өткіздік. Жастардың көзқарасы маған ұнайды. Олар шет мемлекеттен білім алып, еліне зор үлес қосуда. Ең бастысы, оларға айтатыным, өзінің тілі,діні, әдет-ғұрпын сақтасын. Осындай қиын заманда адами құндылықтарын және қазақы келбетінжоғалтпасын деп тілеймін.

– Әңгімеңізге көп рахмет!

Сұхбатты жүргізген Ілияс ӘУБӘКІРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар