Үндістан Республикасы, Харьяна штатының Фаридабад қаласында 3-19 ақпан аралығында қолөнер экспортын дамыту бойынша кеңесі «Surajkund International Grafts Meia» үй, өмір салты, сән, тоқыма және жиһаз жәрмеңкесін өткізбек.
Бұл жәрмеңке алғаш рет 1987 жылы өткізілді. Бүгінде іс-шара қолөнер, қол тоқыма өнері және дәстүрлі өнермен анықталатын Үндістанның мәдени мұрасына маманданған көрмеге айналды. Іс-шара қолөнершілерге өзара тәжірибе алмасып, қарым-қатынас жасауға керемет мүмкіндік береді.
Өнер, мәдениет, дәстүр, фольклор, музыканың алуан-түрлілігі тоғысқан ауқымды жәрмеңке әлемнің түкпір-түкпірінен келген шығармашылық ұжымдарды өз өнерлерін көрсетуге шақырады.
Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының «Айнакөл» фольклорлық ансамблі халықаралық қолөнер жәрмеңкесіне қатысуда.