«Айнакөл» фольклорлық ансамблі 36-шы халықаралық «Surajkund International Grafts Meia» қолөнер жәрмеңкесіне қатысуда

Үндістан Республикасы, Харьяна штатының Фаридабад қаласында 3-19 ақпан аралығында қолөнер экспортын дамыту бойынша кеңесі «Surajkund International Grafts Meia» үй, өмір салты, сән, тоқыма және жиһаз жәрмеңкесін өткізбек.

Бұл жәрмеңке алғаш рет 1987 жылы өткізілді. Бүгінде іс-шара қолөнер, қол тоқыма өнері және дәстүрлі өнермен анықталатын Үндістанның мәдени мұрасына маманданған көрмеге айналды. Іс-шара қолөнершілерге өзара тәжірибе алмасып, қарым-қатынас жасауға керемет мүмкіндік береді.

Өнер, мәдениет, дәстүр, фольклор, музыканың алуан-түрлілігі тоғысқан ауқымды жәрмеңке әлемнің түкпір-түкпірінен келген шығармашылық ұжымдарды өз өнерлерін көрсетуге шақырады.

Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының «Айнакөл» фольклорлық ансамблі халықаралық қолөнер жәрмеңкесіне қатысуда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар