Азаптау туралы істерді тергеу прокуратураның құзырына берілді

Ақмола облысы прокурорының орынбасары Серік Ілиясовтың төрағалығымен «Сотқа дейінгі тергеуді тіркеу және азаптау туралы істер бойынша шұғыл тергеу іс-қимылдарын жүргізу мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді. Оғанпрокуратураның жеке құрамы қатысты.

Семинарда арнайы прокурорлар басқармасыныңбастығы Е.Қажығалиев пен қылмыстық қудалау басқарма бастығының міндетін атқарушы Н.Петрова баяндамалар жасап, аталған бағыттағы жұмысты ұйымдастырудың алғашқы кезеңдерінде туындайтын мәселелерді шешу жолдарынпысықтады.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаптау істері бойынша айрықша тергеу прокуратура органдарына тапсырылғаны белгілі. Егер бұрын азаптау туралы істерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, полицияның ішкі қауіпсіздікбасқармасы немесе басқа да қылмыстық қудалау органдары тергеген болса, қазір бұл істерді тек прокурорлар тергейді.

Бұл ел Президентінің жоғары прокуратура органдарына деген сенімі және қоғамның сұранысы. Сонымен бірге, объективті және әділ іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін прокурорларға үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр.

Семинар қорытындысы бойынша іс-шараға қатысушылар өзара пікір алмасып, әдістемелік материалдармен қамтылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар