Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мектептегі жаңашыл ізденістерден нәтиже күтеміз - АРҚА АЖАРЫ

Мектептегі жаңашыл ізденістерден нәтиже күтеміз

Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал, жас ұрпақтың болашағы – ұстаздардың қолында. Өзіндік пікірі қалыптасқан, жан-жақты жетілген тұлға қалыптастыру ұстаздар қауымының еншісінде екені айтпаса да түсінікті.

2022-2023 оқу жылында аудандық білім бөлімінің Қоянды №2 жалпы орта білім беретін мектебінде мұғалімдердің кәсіби өсуі мен оқушылардың шығармашылық және интеллектуалдық дамуын қамтамасыз ету үшін «Жетекші мектеп» жобасы жүйелі түрде іске асырылуда. Оқу жылы басында бекітілген серіктес мектептермен бірлесіп жоспар жасалып, білім ошағының сертификатталғанозық, тәжірибелі ұстаздарынан 5 шығармашылық топ жұмысын бастады.Мектеп үйлестірушісіАсемАлматовамен «Lesson study/Сабақты зерттеу» шығармашылық тобының жетекшісі Амангүл Укайқызының бастамасымен, топ мүшелері С.Жадырасынова, П.Болат, Г.Шаймардан, С.Тохай, Б. Серікбай, Б.Оросхан,А.Бердімұрат Lesson study зерттеуін жүргізу мақсатында бірлескен жұмыс түрлерін ұйымдастырды.

Lesson study зерттеу сабағы –оқушының оқуына, мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпал ететін педагагогикалық тәсіл. Оның оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып, білім сапасын арттыруда тиімді тәсіл екендігі  зерттеу жұмыстарының негізінде анықталады.Шығармашылық топ мүшелері зерттеу сабағын тәжірибеге енгізу, мектеп мұғалімдерінің өзекті мәселелерініңшешілуіне көмектесетін бірден-бір әдіс екендігіне көз жеткізе келіп, жұмысты соңғы оқу жылдарындағы білім сапасын саралаудан бастады.

«Ойлау оңай, әрекет қиын, ал ойды әрекетке айналдырған қиынның қиыны» – деп, неміс халқының ақын-жазушысы Иоганн Гете айтқандай, зерттеу сабағын тәжірибеге енгізу барысында, оқыту әдістерін қолдану, талдау, жинақтау, бағалау мақсаттары толық қамтылды.

Білім сапасын саралай келе, мектебімізде үш деңгейдегі фокус топтар таңдалып, әрі мәселені бірлесе, ақылдаса отырып шешуге тырыстық. Осы зерттеу сабақтарында алған тәжірибемізбен бөлісу мақсатында ұйымдастырылған семинар-сабағымыздың тақырыбы «Lesson study– білім деңгейін көтеру» деп аталды. Мақсатымыз зерттеу сабақтары бойынша іс-тәжірибемізбен бөлісу болды. «Lesson study»-дің басты мақсаты: оқушыларға білім алуға көмектесу; топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету.Зерттеу сабағын жүргізу үшін аталмышзерттеу тобын құрдық. Зерттейтін сыныпты пән мұғалімдерімен ақылдаса отырып шештік және нөлдік бақылау бойынша төмен білім сапасын көрсеткен сыныптарды зерттедік. Зерттелетін пәндер мұғалімдердің ұсынысы бойынша қарастырылды. Келесі қадам – осы сыныптағы негізгі мәселені  анықтау болды. Соның нәтижесінде өткізген зерттеу сабақтарымыз біршама нәтиже берді.

Сондай-ақ, 10 ақпан күні мектебімізде озық педагогтардың Lesson studyзерттеу әдісін қолдану бойынша тәжірибелерін тарату мақсатында «Ұстаз тәжірибесіндегі зерттеу – бірлескен іс-әрекеттің нәтижесі» атты аудандық коучинг жұмысы өтті.Коучинг жұмысына өңірімізге қарасты барлық мектептердің педагогтарымен бірге серіктес мектептерден 50-ге жуық ұстаз қатысты.

Коучинг барысында мектебіміздің Lesson Study шығармашылық тобының жұмысына ынталы мектеп үйлестірушісі А.Алматова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Укай, А.Бердімұрат, Г.Шаймардан, Б.Оросхан тәжірибелерімен бөлісіп, «Мектебімізде Lesson study әдісін мектебімізде қолданамыз» тақырыбында мақала әзірледі. Сонымен қатар, Б.Серікбай биология пәнінен ашық сабақ өткізіп,  қатысушылар арасында «Lesson study зерттеуінің ерекшеліктері»  топтық жұмысы мен С.Жадырасынованың «Зерттеу элементтері» тренингі ұйымдастырылды.

К.Ушинскийдің «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз жетілдіріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады» дегеніндей мұғалім үздіксіз ізденуші, жаңашыл ұстаз болғанда ғана жемісті нәтижеге қол жеткізері хақ. Бірлесіп атқарылған жұмыстар алдағы оқу жылында да жалғасын тауып, осы бір жаңашылдықтың игілігін көреміз деген сенім бар.

Сәттігүл ТОХАЙ,
Пестифаль БОЛАТ,
Қоянды ауылы №2 жалпы орта білім беретін
мектебінің мұғалімдері.

 Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар