– Ақмола облысы аумағында «Астана-Петропавл» тас жолының бойында көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға бүгін 16 ақпан күні таңертең «Астана-Петропавл» тас жолының 195 шақырымында болған.
«Анықталғандай, Астана бағытында жүріп келе жатқан «Honda Stream» көлігінің капотынан бастапқыда түтін шығып, кейін қызыл жалынға ұласқан. Көлік жүргізушісі 40 жастағы ақмолалық тұрғын аман-есен. Өртті сөндіруге Макинск қаласындағы 8-құтқару өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ, көлік толығымен өртеніп кетті», – деді ведомстводан.
Осы ретте, тәртіп сақшылары ақмолалықтарға жолға шыққанда абай болуға, сондай-ақ, көлік құралын уақтылы техникалық қызмет көрсетуден өткізу, оның жарамдылығын тексеру, ал өрт шыққан жағдайда дүрбелеңге түспей жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және белгілі бір іс-қимыл алгоритмін ұстануды еске салады.
Айта кетсек, Ақмолада жүк көлігін тоқтатпақшы болған механик көз жұмды.
Кадр из видео